• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Желтоқсан, 18:04:00
Алматы

Жоғары аудиторлық палата 2019-2023 жылдардағы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында бюджет қаражатының қаншалықты тиімді жұмсалғанын анықтау үшін мемлекеттік аудит жүргізді. Аудит нәтижесінде Назарбаев Зияткерлік мектептері 3 жылда 16,4 млрд теңгені игере алмағаны анықталды.

"Жалпы мемлекеттік аудит 274,4 млн теңгеге қаржылық заңбұзушылықтарды анықтады. Қаражатты тиімсіз жоспарлау 8,3 млрд теңгені, тиімсіз пайдалану шамамен 6 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар 134 рәсімдік бұзушылық пен 30 жүйелік кемшілік анықталды"– делінген ресми хабарламада.

Мемлекеттік аудит барысында 2019-2023 жылдары НЗМ 8 млрд теңгенің іс-шарасын орындамағаны анықталды.

Сондай-ақ 3 жыл ішінде Назарбаев Зияткерлік мектептері 16,4 млрд теңгені игермеген, ал банк шоттарында жыл сайын 27 млрд доллардан 55 млрд теңгеге дейін қаржы қалдықтары жинақталғаны белгілі болды.

Тексеріс қорытындысы бойынша 1 материал құқық қорғау органдарына, тағы 10 факті бойынша материал әкімшілік істі қозғау үшін уәкілетті органдарға жіберілді.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір