26 Тамыз, 2024 NEWS
Фото: New Radio Free Europe | Foto: Tomáš Adamec, Aktuálně.cz
Азат Еуропа/Азаттық радиосы халықаралық медиа компаниясы Қазақстандағы орыс редакциясын жабу арқылы филиалының жұмысын қайта құрады. Ақпаратты медиакорпорация растады, деп хабарлады bes.media басылымы.
Басылым медиакорпорация Орта Азияны қамтитын жаңа аймақтық бөлімше құратынын, жеке-жеке филиалдардың орнына бір ғана филиал болатынын хабарлады.
Алайда Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиа компаниясының сыртқы коммуникация бойынша директоры Карин Мари медиакорпарация Орта Азияда мемлекеттердің ұлттық әрі орыс тілінде ақпарат таратуын құптайтынын, орыс тілінде маңызды ақпарат таратуды күшейтетінін айтады.
Бұл қалай және қашан жүзеге асатыны әзірге белгісіз.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір