• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Қазан, 02:33:39
Алматы
+8°

26 Қыркүйек, 2024 NEWS

Стенд атудан Азия кубогында қазақстандықтар жеңіске жетті

Алматы облысында өтіп жатқан стенд атудан Азия кубогында Қазақстан қоржыны тағы бірнеше медальмен толықты.

ашық дереккөзден

Ерлер арасындағы «дубль-трап» бағдарламасында Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алды. Бұл бәсекеде ел намысын Әлішер Айсалбаев, Владлен Калимулин және Никита Чикулаев қорғады.

Владлен Калимулин «дубль-трап» бойынша жекелей сында қола медаль иеленді. Сондай-ақ «трап» санатындағы жасөспірімдер арасындағы командалық сында Қазақстан құрамасы алтын медальға қол жеткізді.

«Трап» жаттығуы бойынша әйелдер арасындағы командалық сында Айжан Досмағамбетова, Анастасия Прилепина және Карина Почиваловадан құралған Қазақстан командасы қола медаль еншіледі.

«Трап» жаттығуынан ерлер арасындағы командалық сында Қазақстан құрамасы (Әлішер Айсалбаев, Марк Почивалов, Виктор Хасянов) күміс медаль иеленді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір