• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

14 Қараша, 16:12:39
Алматы
+12°

08 Қазан, 2024 NEWS

Қазақстан қандай жағдайда бұрынғы уақыт белдеуіне оралуы мүмкін?

Қазақстан қандай жағдайда бұрынғы уақыт белдеуіне оралуы мүмкін? Бұл туралы журналистер премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдан сұрады.

Көрнекі сурет

Премьер-министрдің бірінші орынбасарының айтуынша, ол үшін оң және теріс жақтарын таразылау қажет.

"Сіз, әрине, маңызды сұрақты көтердіңіз. Айта кету керек, қоғамның бір бөлігі, керісінше, сағаттың ауысуын қолдайды (уақыт - еск.). Мысалы, Шымкентке жақын орналасқан Ташкентте бұрын бір сағаттық уақыт айырмашылығы болған, ал қазір ол жоқ. Ондағы адамдар біз сияқты уақыт белдеуінде өмір сүріп жатыр және ешкімде реніш болған жоқ. Біреу үшін бұл ыңғайлы, біреу үшін олай емес. Маған келетін болсақ, мен көп жыл бойы ерте тұруға үйренгенін, бұл маған жақсы. Менің кейбір достарым оны ұнатпайды, әсіресе ұзақ ұйықтағанды ұнататындар, ал басқаларына, керісінше, жағымды. Сондықтан мұнда барлық артықшылық пен кемшілікті таразылау керек", - деп түсіндірді Роман Скляр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір