• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Қазан, 19:19:20
+8°

Қазақстанда мопедтерге нөмір тағуды міндеттейтін заңнамалар 2025 жылғы сәуірден бастап күшіне енеді. Қолданыстағы талаптар бойынша нөмір көліктің тек артқы жағына тағылады. Алайда, Астана мен Алматыда 14 мыңға жуық сергек камералары орнатылған болса, олардың тек мыңға жуығы ғана автотранспортты артқы жағынан бақылауға арналған. Осы орайда, Sergek Group компаниясының өкілі Kolesa.kz басылымына мәселені шешудің жолдарын айтып берді.

"Астанада мұндай 150 камера болса, Алматыда 800-ге жуық. Олар қаланың тек орталық бөліктерінде ғана емес, шеткі аймақтарында да орнатылған. Біз Шығыс Азия елдерінің қалаларында, атап айтқанда Филиппиндік Багио және Индонезияның Баликапане қалаларындағы мопедтерді анықтау тәжірибелерін зерттедік. Бұл қалаларды нейрожелі мен компьютерлік жанар жүйесі белсенді қолданылады. Қазір біз балама қызмет түрлерін Қазақстанда қолдану жолдарын әзірлеумен шұғылданып жатырмыз", – деді компанияның өнімдер жөніндегі директоры Нығмет Әбдірахманов. 

Оның айтуынша, Шығыс Еуропа елдерінің тәжірибесі мопедтерге нөмірді тек артқы жағына ғана емес, алдына да тағудың қажеттілігін көрсеткен. Бұл транспорт құралын дәл анықтауға көмектеседі. Дегенмен, Нығмет Әбдірахмановтың айтуынша, Алматы мен Астанадағы 14 мыңға жуық камераны транспорт құралын артынан да бақылайтын етіп құруға болады. 
Kolesa.kz дерегінше, жыл басынан бері Алматыда мопедтердің қатысуымен 743 жол-көлік оқиғасы болып, 14 адам қайтыс болса, 757 адам жарақат алған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: мопед тіркеу нөмірі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір