• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 20:15:25
Алматы
+12°

18 Қазан, 2024 NEWS

Мен оларды танымаймын": Сенатор Жақып Асанов Хасанмен туыстығы және "Хутор" бандасымен байланысы туралы айтты

Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы, сенатор Жақып Асанов Талғарда болған қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді

Ашық дереккөзден

Жақып Асанов “Хутор” бандасының басшысы деген күдікке ілінген Хасан Қасымбековке туыстық қатынасы бары туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

“Бұл ақпарат туралы бірінші күні-ақ естідім. Мен бұған қатысты пікір білдіруден бас тарттым. Өйткені мұның бәрі өтірік, жалған. Оны танымаймын, білмеймін, көрген емеспін. Қазір әлеуметтік желіде жалған ақпарат көп. Оның бәріне сене беруге болмайды. Бірақ кім біледі? Біреу менің атымды шығарайын деген шығар. Мәселе тек менде емес. Жалпы өтірік нәрсе көп. Оның барлығы тергеу амалдарын жүргізуге кедергі жасайды”, – дейді сенатор.

Жақып Асанов Шерзат Болаттың айуандықпен өлтірілуіне байланысты пікір білдірді.

“Талғардағы өте қиын жағдай. Қиянаттың қиянаты. Жап-жас мектептегі баланы ересек бірнеше еркектер жабылып ұрып, әке-шешесінің қолын байлап, көзінше өлтіргені өте ауыр. Қазаның жеңілі жоқ дейді. Десе де бұл ауыр жағдай”, – дейді Жақып Асанов.

“Талғарда туысқаныңыз бар ма?” деген сұраққа сенотор “Бірде-бір туысым жоқ” деп жауап берді. Сондай-ақ ол Шерзат Болаттың өліміне қатысты соттың ашық режимде, онлайн өтуіне қатысты пікір білдірді.

“Прокуратура соттың ашық өтуін сұраймыз деп айтып қалды. Бірақ оны судья шешеді. Ол туралы менің айтқаным орынсыз болады. Өйткені оны сол іс бойынша төрағалық ететін судья шешеді”, – деді Жақып Асанов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір