• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 06:39:38
Алматы
+12°

15 Наурыз, 2019 NEWS

Вице-министр: Жұмыс істемейтін жалқауларға жәрдемақы берілмейді

Сәуірден бастап 832 мың көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға берілетін жәрдемақы үшін биыл бюджеттен 94 млрд теңге қарастырылған.

Президенттің тапсырмасы бойынша аз қамтылған отбасылардың кірісін санау кезінде жәрдемақының төрт түрі есептелмейді. Бұл туралы мәжілістің пленарлық отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова айтып берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасай отырып. 

Жақыпова: Елбасының тапсырмасымен осы мәселе қарастырылуда.Ол жәрдемақының 4 түрі есептелмеуі мүмкін екендігін алға тартты.

Вице-министр көп балалы отбасыларға, "Алтын" және "Күміс алқа" иегерлеріне берілетін мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек балаларға қарастырылған төлем және шәркіртақы да кіріске жатпайтынын айтты.

Сондай-ақ вице-министрдің сөзінше, жұмысқа қабілетті азаматтың отбасылары атаулы әлеуметтік көмек ала алмайды.Жақыпова олар ұсынылған жұмыстан бірінші рет бас тартса, төлемнің 50 пайызынан, ал екінші рет жәрдемақыдан мүлде қағылатынын ескертті. Сәуірден бастап 832 мың көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға берілетін жәрдемақы үшін биыл бюджеттен 94 млрд теңге қарастырылған.

Ал төлемді күнкөрісі қиын отбасылар алады. Вице-министр азаматтар мемлекеттік жәрдемақыға иек артып, масылдыққа жол бермейді деп санайды. Ол әр балаға берілетін жәрдемақы төлене беретінін жеткізді.

"Егер жалғызбасты ана 4 баланы өзі бағып отырса, балалары 20 789 теңгеден алады. Өзі балаға күтім жасап отыр ғой, ол анаға да 20 789 теңге төленеді. Жалғызбасты ана бір баламен отырса, екеуіне де 20 789 теңгеден төленеді", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары.

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір