Украинаның экс-президенті Порошенконың жағдайы күрт нашарлады

/image/2020/10/07/crop-1_5_561x997_8911129.jpg Фото: ашық дереккөз

Коронавирус жұқтырған Украинаның экс-президенті Петр Порошенконың жағдайы нашарлады. Бұл туралы оның әйелі Марина Порошенко журналист Янина Соколованың YouTube арнасыны берген сұхбатта хабарлады.

– Оның жағдайы нашар, екі жақты пневмониямен ауырған. Қазір ауруханада емделіп жатыр. Өкінішке қарай, қазір оның қан жағдайы күрт нашарлады. Тіпті дәрігерлер оның денсаулығын  бақылау үшін анализ де ала алмай жатыр, – деді Марина Порошенко. 

Экс-президенттің коронавирусты жұқтырғаны 25 қыркүйекте белгілі болды. Оның қызы да індеттің ілмегіне ілініпті. 

Related Articles