"Тимур Құлыбаев пен Дариға Назарбаеваның есепшоттары бұғатталды"

/image/2020/11/03/crop-10_36_830x1475_mycollages-15.jpg Фото: qamshy.kz

Әлеуметтік желіде Тимур Құлыбаевтың Швейцариядағы 600 миллионнан астам доллар қаржысы бар есепшоты бұғатталғандығы туралы ақпарат тарады.  

– БАҚ құралдарына, Назарбаевқа, Қазақстанның Бас прокуратурасына, парламентке Тимур Құлыбаевтың 100 миллиондаған долларды жымқырып жатқаны туралы мәлімдеме жасадым. Ешкім құлақ аспады. Сосын 6 Қазақстан азаматы Швейцарияның прокуратурасына арыз жаздық. Менің таң қалғаным – Швейцария Құлыбаевтың  есепшоттарына арест қойды, – дейді ақпарат таратушы автор. 

Оның айтуынша, есепшот 3 жыл бойы бұғатталып жатқан және Кулебаев шотты ашуға бірнеше себептер айтқан. Артынша Қазақстанның салық инспекциясы ол ақшалардың ұрланбағандығын және Қазақстанның қаржы министрлігі бұл ақпаратты растап отырғандығын хабарлаған.

Сондай-ақ, автор Дариға Назарбаеваның Лондондағы активтерін де бұғаттағанын мәлімдеді. Атап айтқанда Назарбаеваның 100 миллион фунт шамасындағы мүлкіне арест қойылғаны жайлы ақпарат беріп,  оның Англиядағы 2 зәулім үйі мен 2 пәтеріне қатысты да пікір білдірген. 

Related Articles