Путин: Қарабаққа түрік әскерін кіргізу арандату екенін Ердоған түсінеді

/image/2020/11/18/crop-15_72_826x1468_mycollages-19.jpg Фото: qamshy.kz

Ресей президенті Владимир Путин "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында "Таулы Қарабах мәселесінде Түркияға кез келген баға беруге болады, бірақ халықаралық заңды бұзды деп айыптауға болмайды" деп мәлімдеді.

– Қарабаққа түрік әскерін кіргізу –  бұл арандатуға бару. Және Түркияның президенті Режеп Тайып Ердоған мұны түсінеді. Түркия Әзербайжанды қолдады. Бұл – Кеңес Одағы ыдырауының геосаяси салдары, – деді Путин.

Ол Түркияның Таулы Қарабақ мәселесінде Әзербайжанды қолдайтынын ешқашан жасырмағанын баса айтты. 

Сөз арасында Путин "Мәскеу Анкараны Таулы Қарабаққа бітімгерлік күштерін жібермеуге көндірді" деді.

Related Articles