Тоқаев мәжілістің шекті межесін төмендетуді ұсынды

/image/2021/01/15/crop-11_226_1401x2490_2hj1hmn9.jpg Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда жетінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы өтуде. Оған сенат депутаттары, 10 қаңтарда сайланған мәжіліс депутаттары, сондай-ақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.

Президент жаңа құрамдағы мәжіліс депутаттарына табыс тілеп, алдағы уақытта қарқынды жұмыс істеуді тапсырды.

– Сайлау карантинге қарамастан белсенді өтті. Мәжіліске өту үшін кейбір партияларға аз ғана дауыс жетпеді. Бірақ олар әрқашан өзекті мәселелерді белсенді көтереді. Сондықтан, мәжіліске өтудің шекті межесін 7-ден 5%-ға дейін төмендету қажет деп санаймын, – деді президент.

Бұған дейін 10 қаңтар күні болған сайлау нәтижесі бойынша, үш саяси партия шекті межеден асып, депутаттық мандат иеленген. Сайлау нәтижесі төмендегідей болған:

Nur Otan партиясы – 71,09%;

"Ақ жол" партиясы –10,95%;

Қазақстан халық партиясы – 9,1%;

"Ауыл" партиясы – 5,29%;

ADAL партиясы – 3,57%.

Related Articles