• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 11:26:05
Алматы
+8°

04 Шілде, 2016 Әлеумет

ЯСИР АРАФАТТЫҢ КҮРЕСКЕРЛІК ЖОЛЫ

Иасир (Ясир) Арафат басқа аты – Абу Аммар. Ясир Арафат, Мухаммад Әбд Ар-Рауф Әль Кудвах әль-Хусейни 4.8.1929 жылы Каир қаласында туған және 2004 жылы...

Иасир (Ясир) Арафат басқа аты – Абу Аммар. Ясир Арафат, Мухаммад Әбд Ар-Рауф Әль Кудвах әль-Хусейни 4.8.1929 жылы Каир қаласында туған және 2004 жылы өлген, қайтыс болған  жері Кламара қаласы, басқа деректерде Иерусалим қаласында 75 жасында дүние салаған. Саяси қайраткер, Палестина автономиясы әкімшілігінің басшысы (1994 жылы), Палестинаны Азат ету ұйымы атқару комитетінің төрағасы (1969 жылдан).[1] Оның әкесі-Абдель Рауф аль-Qudwa аль-Хусейни,шешесі- Zahwa Абуль-Сауд, әйелі-Суха Арафат. Баласы  - Zahwa Арафат. Білім алған жері- Король Фуада I Университеті.[2] 1994 жылы- Бейбітшілікті нығайтқан үшін  Нобель премиясының лауреаты атанған.

Саудагердің отбасында дүниеге келген. Жастық шағы отбасында өтті, алтыншы ұл. Ол да саудагерліктен бастаған. Кейін 1927жылы  Қаир қаласына көшкен. Шешесі өлгенде ол бар болғаны төрт жаста екен. Әкесі оны Иерусалимге –Құддыс қаласына оқуға жібереді. 1937 жылы ол Қаир қаласынан өз үйіне қайтып келіп, Король Фуад 1 университетінің инженерлік факультетіне азаматтық құрлыс мамандығын 1951 жылы тамамдап,египеттік құрылыс компаниясында істейді. 1948 жылы Израиль мемлекеті пайда болады да алғашқы Араб-Израиль соғысы басталады. 1948 жылғы соғыстан кейін Ясир Арафат Палестинадан Египетке қайтып келуге мәжбүр болды.Жалпы жиырмасыншы ғасырда Таяу Шығыстың тарихына қатты әсер еткен оқиғалар -ол Араб мемлекеттері мен Израильдің төрт соғысы  болды. Аталған төрт соғыста Араб мемлекеттері Израильден ұдайы жеңіліп отырды, әр жолы біраз жерінен айырылды.Ясир Арафат тәуекелшіл  жігіт болғандықтан оның саяси болашағына  1956 жылғы Екінші Араб-Израиль соғысы әсер етті. Осы жағдай Ясир Арафаттың бұл соғысқа тікелей қатысты. 1967 жылы Араб –Израиль соғысы тағы да орын алды. Сол соғыста араб мемлекеттер коалициясы оңбай жеңіліп,  Палестина өлкесінің біраз жері Израильге өтіп кетті. 1973 жылы кезекті Араб-Израиль соғысы өтті.Бұл соғыста Израиль үшін жеңіспен аяқталды, бірақ Израиль тарапынан да  көп шығын болды.

Египеттегі 1952 жылғы революциядан кейін Египет Араб әлемі үшін ұлт-азаттық қозғалыстарға штаб-квартираға айналды.Ал Араб әлеміндегі ұлттық-азаттық қозғалысты қолдаушы мемлекет –ол КСРО болды. КСРО дан «революциялық көмек» түсіп тұрды.Ал араб әлемінің лидерлік ұстанымы бар мемлекет –ол Египет болды.

Ясир Арафат сол жылдары экстремистік бағыттағы “Мұсылман ағайындығы” мен Палестиналық студенттер одағының құрамына кіріп, кейін  1952 – 56 жылдары КСРО мен Египеттің қолшоқпары болды.Бұндай ұйымдар барлық араб елдерінде ұйымдастырылған.Бір жағынан олардың революциялық романтизмін, солшылдық, коммунистік, немесе араб социализмінің  идеологиялық ұстанымдары кең тараған. Революцияшыл араб студенттері араб ұлтшылдары еді. Олардың ұстанымдары-араб социализмі, панарабизм мен антисионизм, оған қоса антисемитизм кең тараған.

Сонымен Ясир Арафаттан құрылыс  инженер шықпайды. 1956 жылы Каир университетін бітірісімен КСРО мен Египет нұсқаушылармен диверсия жұмыстарға араласа бастайды, іс жүзінде бұл террористік және әскери дайындықтан өтеді. 1956 жылғы Суэцк каналы үшін әскери –саяси жанжалында Ясир Арафат Египет армиясының қатарында соғысты. 1957 жылы Кувейтке өтіп, Газа секторындағы күресті ұйымдастырушы Халиль Вазирмен бірге “Аль-Фатах” диверсия тобының негізін қалады. 1964 жылы Палестинаны Азат ету ұйымына (ПАҰ) қосылған ол көп ұзамай осы ұйымының ең ықпалды басшысына айналды. 1970 жылдан палестиналық Қарсыласу қозғалысы қарулы күштерінің бас қолбасшысы, ал 1973 жылдан ПАҰ-ның саяси департаменті бастығы қызметтерін қоса атқарды. Ясир Арафат дербес Палестина араб мемлекетін құру қажеттілігін түсінді және бүкіл күш-жігерін ПАҰ-н Палестина халқының мүдделерін білдіретін өкілетті ұйым ретінде таныту үшін бағыттады. Соның нәтижесінде 1974 жылы ПАҰ Араб елдері лигасының мүшелігіне қабылданды. 1987 жылы палестиналық интифада жариялап, ол 6 жылға созылды. 1988 жылы 15 қарашада “Палестина мемлекеті” жарияланды, ал 1989 жылы 2 сәуірде Палестина Ұлттық Бас Кеңесі Ясир Арафатты осы мемлекеттің президенті етіп сайлады. 1988 жылы Ясир Арафат Израиль мемлекетін мойындап, палестина арабтары мен израильдіктердің арасында бейбіт келісімге қол жеткізу мүмкіндігін ашты. АҚШ-тың делдалдық етуімен Ясир Арафат Израильмен келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде 1993 жылы қыркүйекте Вашингтонда Қағидаттар декларациясына қол қойылды. Ол бойынша Газа мен Иерихон секторларында палестиналық өзін-өзі басқару енгізілді. 1994 жылы мамырда бұл аумақтардағы Израиль әскерлері Палестина полициясымен алмастырылды. 1994 жылы шілдеде 27 жылдық қуғын-сүргіннен соң Ясир Арафат отанына палестиналық өзін-өзі басқару әкімшіліктінің басшысы ретінде салтанатты түрде қайтып оралды. Ясир Арафат – Бейбітшілік сақтау істері жөніндегі халықаралық Нобель сыйлығы лауреаты атанды (1994 жылы). 1996 жылы қаңтардан өмірінің соңына дейін Палестина Ұлттық кеңесінің атқарушы басшысы болды.

Үлкен махаббат пен үлкен өкініш.Ясир Арафат өмірін ымырасыз күрес пен террор арасында өткізді. Әрине оған әлемнің арнайы қызметткерлері ізіне түсіп , соңынан қалмады. Ясир Арафаттай  ерге тұрмысқа шығу және онымен тұрмыс құру азап болды. Олардың  романтикалық неке қию  рәсімі құпия түрде Тунисте  1990 жылы өтті. Қалыңдығы Суха 27 жаста и ал Ясир Арафат 61 еді. Бұл некеден жалғыз қыз- Zahwa. Ясир Арафат өлгеннен кейін оның зайыбы бірнеше баспасөзге берген сұхбаттарында   өзінің Ясир Арафатқа тұрмысқа шыққаны жөнінде жүз рет өкінгенін айтқан.  Ясир Арафатқа махаббаты  үшін,  оның қалыңдығы Суха  христиан дінінен шығып мұсылман дініне өтеді.[4]Ясир Арафат өте күдікті жағдайда қайтыс болған. Онының денесін медициналық эксперттерге арнайы зерттеуге берілмеді, оның зайыбы зерттеуге рұқсат бермеген. Кейбір болжамдарда ол белгісіз арнайы барлау қызметкерлер қолынан кеткен, уланған көрінеді.

Ясир Арафаттың ұйымдастырған ең бір қатыгез террорлық әрекеті- 1972 жылғы Мюнхен қаласында өткен  жаздық Олимпиадалық ойындардағы Израиль делегациясына қарсы жасаған шабуыл.

Дереккөздер:

1.      Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

2.      www.thefamouspeople.com/profiles/thumbs/yasser-arafat-21.jpg

3.      www.aljazeera.net/specialfiles/pages/7b339faf-27c9-471b-8a8e-d4563cdd5e3e

4.      www.theguardian.com/world/2013/feb/10/yasser-arafat-widow-wedding-mistake

Әзімбай Ғали

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір