• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 14:15:27
Алматы
+8°

02 Қазан, 2024 NEWS

Ұлттық банк мысықтың суреті бар жаңа тиындарды айналымға шығармақ

Су жаңа монеталар 3 қазаннан бастап Ұлттық банктің интернет-дүкенінде сатылымға шығады.

Көрнекі сурет

Ұлттық банк "Жүректен жүрекке" монеталар сериясынан “Шаңырағыңыз шаттыққа толсын” коллекциялық монеталарын айналымға шығаратынын мәлімдеді.

"Шаңырағыңыз шаттыққа толсын (Үйіңде тыныштық болсын) монетасы жер бетіндегі бейбітшілік пен ошақ жылуын білдіреді. "Шаңырағыңыз шаттыққа толсын" деген сөздер адамдар бір-бірімен тату-тәтті өмір сүрсін, үй иелеріне тыныштық пен береке болсын деген тілектк айтылады”, – делінген хабарламада.

Монетада терезенің жақтауында жатқан мысықтың суреті бар. Сондай-ақ шаңырақтың, ою мен тағаның суретін де байқауға болады. Бұл монеталар 925/1000 сынамалы күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 1000 теңге. Тиынның таралымы – 2000 дана.

“Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында номиналды құны бойынша төлемнің барлық түрлері үшін, сондай-ақ банк шоттарына есепке алу үшін және еліміздің барлық банктерінде аудару, майдалау және айырбастау үшін қабылдануға міндетті”, – деп жазды Ұлттық банк.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір