30 Қыркүйек, 2024 Әлеумет
Фото: Ашық дереккөз
Ядролық физика институтының жетекші ғылыми қызметкері Данияр Жансейітов АЭС қауіпсіздігі жағынан түсіндірді.
– Сіз АЭС-те қауіпсіздігі жағынан толық кепілдік беріледі ме? Осыны қарапайым адамдарға толық түсіндіріп берсеңіз.
– Халық «АЭС салында ма біз ешқандай жерді пайдаланбауымыз керек, ол жерде адам тұрмауы керек, ол жерде ауыл шаруашылығымен айналыспау керек» деп ойлауы мүмкін. Олай емес, қазіргі санитарлық қорғау аймағы 3 шақырымнан аспайды.
Атом станциясының отыны – уран. Өзге станциялардан айырмашылығы – осы. Елдегі 70 пайызы көмірмен жұмыс істейтін станцияларда өндіріледі. Уранның түрлері көп. АЭС-ке 4-6 пайыз байытылған Uranium-235 қолданылады. Атом энергия жөніндегі халықаралық агентігінің статистикасы бойынша, автивті аймақта (реактордың отын тұратын жері) апат болу ықтималдылығы (балқып кетуі) мүлде мүмкін емес. «Реактор жарылады» дейтін адамдар бар. Бұл – қате тұжырым. Реактор жарылмайды. Өйткені жарылу үшін Uranium-235-і 90 пайыз уранмен байытылуы керек. Ал, реакторда 4-6 пайызды уран ғана болады.
Енді реактордық құрылымына келейік. Реактордың корпусы жоғары сұрыпты 200 миллиметр болаттан құйылады. Автоматтандырылған жүйе арқылы реактор қызған кезде суытылып тұрады. Активті және пассивті өзара қайталанатын қауіпсіздік жүйелері бар. Мәселен адами фактордан қателік кеткен жағдайда, пассивті жүйе іске қосылып, дер кезіңде кемшіліктің алдын алады. Одан бөлек, 3+ буынды станциялардағы активті аймақ шамамен 12-20 метр болады. Оның сыртында қорғау қабығы орналасады. Ол 1 метрі бетон жауып тұрады. Бұл аймақ табиғи және антропогендік қауіптерден сақтайды. Реактор шахтасының төменгі бөлігінде ауыр авариялар кезінде активті аймақтың балқуын оқшаулау үшін «балқыма тұзағы» салынады. Жердің астындағы диаметрі – 12-20 метрді құрайды. 1000 жылда бір оқиға орын алып, реактор балқып, радиация бөлінетін болса, автивті аймақ төмендегі «балқыма тұзағына» түсіп, автоматты түрде оның төбесі жабылады.
Атом электр станциялары салыстырмалы түрде аз отынмен жұмыс істей алады. Салмағы небәрі 3 грамм болатын уранның өзі бір тонна көмір немесе 480 литр мұнай сияқты көп энергия береді. Бұл Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін арттырары сөзсіз.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір