• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 13:30:25
Алматы
+12°

01 Наурыз, 2024 Түркістан облысы

Шымкентте төрт балабақша меңгерушілері ұрлаған бюджет ақшасын орнына қойды

Балабақшада жоқ баланы бар деп көрсетіп, олар бюджеттің жалпы сомасы 29,6 млн теңге қаражатын заңсыз иемденген болып шықты.

Ашық дереккөзден алынды

Шымкент қаласының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде бюджетке келтірілген залал толық көлемде бюджетке қайтарылғанын мәлімдеді.

Сот бір тұлғаға 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын қолданса, бір тұлғаға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Мәселен, Рысбекованың меңгеруіндегі "Али мен Айя" бөбекжай-бақшасы" 2020 жылдың наурыз айынан бастап 2022 жылдың желтоқсан айына дейін балабақшада жоқ 15 баланы бар деп көрсетіп, құжаттар тапсыру арқылы бюджеттен 8,7 млн теңгенің үстіндегі қаржыға ие болған.

"Бұл қылмыс үшін сот үкімімен Рысбекова ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды атқаруға өмір бойы тыйым салынды және 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Мұндай қатаң үкімнің шығарылуы аталған тұлғаның бұрын да сотты болып, сот үкімінің орындалуы кейінге қалдырылуы негіз болды", деп хабарлады Шымкент қаласының прокуратурасы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір