• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 19:29:59
Алматы
+12°

17 Маусым, 2012 Ұлы көш

Екі жалғыз бір бүтін бола алмай жүр

Әлемде қазақ атын иеленген жалғыз мемлекет бар. Сондықтан,  «Әр қазақ – оның жалғызы». Бірақ екі жалғыз бір бүтін бола алмай жүр.  «Қазақстан Республиксының...

Әлемде қазақ атын иеленген жалғыз мемлекет бар. Сондықтан,  «Әр қазақ – оның жалғызы». Бірақ екі жалғыз бір бүтін бола алмай жүр.  «Қазақстан Республиксының азаматы» дейтін тілкімдей қағаз талай қаракөзді мөлдіретіп қойды. 5 миллион қазақтың бар жазығы – империялар сызған сызықтың кесірінен шекараның шетінде қалғаны. Ал ту көтерген Атажұртты – санаулы адам «сарқылмас байлығым» деп қарайтын сияқты.

Жақында Алматы қаласы Ішкі істер департементі Көші-қон полициясының ұйымдастыруымен оралмандарға байланысты жиын өтті. Түсініксіз болсада жазайық, жиынның тақырыбы мынадай: «Этникалық мигранттардың құқықтары және олардың заңды мүдделерінің хабардар болуын қамтамасыз ету, ақпаратты-түсіндірме жұмыстарын жүргізу». Отырысты Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ержан Алтаев жүргізді.

Ресми баяндама мен ресми есеп беруден шаршаған мына заманда кімнің не дегеніне тәптештеп тоқталмай-ақ қоялық. Қуанғанымыз – тек терезенің ар жағынан ғана тіл қататын Алматы қалаық көші-қон полициясының жұртпен бір стольдың басында отырып, пікір алмасқаны болды. Құзырлы орынның бұл қадамы үшін «Жебеу» қорының мүшесі Базарәлі Әріпұлы ризашылығын білдіріп, рахметін айтты.

Енді қазақ мәселесіне көшелік. Өйтетіні, «Оралман» басқа планетадан келседе,  ол – қазақ.  Сондықтан, «Оралман» мәселесі дегенді қоятын кез жетті. Бір қазақтың шетелде жүруі, бір қазақтың елге оралған соң сергелдең болуы бұл «оралман» немесе «жергілікті» дейтін тар ұғымының емес, барша Алаштың бас ауруы. Енді сол жиналыста аса қызу талқыланған екі мәселенің  бетін тырнап көрелік.

Азаматтық беру.

Әлемде қазақ атын иеленген жалғыз мемлекет бар. Сондықтан,  «Әр қазақ – оның жалғызы». Бірақ екі жалғыз бір бүтін бола алмай жүр.  «Қазақстан Республиксының азаматы» дейтін тілкімдей қағаз талай қаракөзді мөлдіретіп қойды. 5 миллион қазақтың бар жазығы – империялар сызған сызықтың кесірінен шекараның шетінде қалғаны. Ал ту көтерген Атажұртты – санаулы адам «сарқылмас байлығым» деп қарайтын сияқты. Иеленген, иемденген. Елбасы бастаған көшке кез келген жерден «Батыраштарын» дайындап қояды. Қазақ көбейсе егініне түсетіндей үрке қарайды. Шын мәнінде, елім деп келген ер-азаматқа бір тиынның керегі жоқ, «Қазақастан Республикасының азаматы» атанса болғаны.

Бірде, бұрынғы тұрғылықты мемлекетіңнің азаматтығынан шығып кел деді. Заңға сол талапты кіргізіп, жаңалық жаратқан адам өзінің ең «ақымақ» пенде екенін ұқса ғой шіркін! Бала емес, шаға емес бір мемлекетке сондай құрғақ сөз айтып, азаматтықтан бас тарта салу не деген қисын?! Не деген оңай! Егер бізден басқа ел заң шығару орнында сондай бір «дәнішпанның» бар екенін білсе, мұртын балтамен шабар еді....

Уладық, шуладық. Ол талап алынып тасталды.

Ендігі қалғаны «Сотталмаған» деген анықтама алып келу. Өз заңын сыйлайтын мемлекет сотталған адамды шетелге шығара ма? Басқа жұртты қайдам? Қытай елінде сотталмақ түгіл «тауық ұрласаңыз» шетелге шығатын төлқұжат бермейді. Ендеше ол анықтаманың қандай қажеттілігі бар. Бұл шындап келгенде, өзге жұртты да өзіміз сияқты бармақ басты, көз қыстымен құжат жасайды деп ойлағанымыздың «жемісі».

Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға бір жыл құжат дайындаған қандастарымызды көргенбіз. Сөйте тұра, ендігі норма үш ай ішінде азаматтыққа құжат тапсырып болу керек екен. Неге десеңіз? Қазіргі беріліп жатқан визаның уақыт мерзімі – 3 ай. Сіз сол үш ай ішінде жүгіңізді буып-түйіп, шекарадан өтіп, «оралманым» деп басыңнан сипап тұрған біреудің «үй кітабын» алып, уақытша тіркеуге, одан тұрақты тіркеуге тұрып, бүкіл құжатыңды «нотариустан» өткізіп, одан келген мемлекетіңнен «сотталмаған» деген анықтама әкелуге тиіссің. Оның үстіне әр терезенің ар жағында «бауырымыз келді» деп жанымен қуанып отыратын мемлекеттік қызметкерлер отырады. Не деген оңай жұмыс?

Студенттер мәселесі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайында, әсіресе, шетелден келетін қазақ жастарына елдің құшағы ашық екенін, ешқандай кедергілердің болмайтындығын айтты. Енді қарап көріңіз. Жоғары оқу орындарында оқып жатқан оралман студенттер бұрынғыдай азаматтықа тапсыра алмайды. Бұрынғыдай тіркеу уақытын ұзартып атамекенінде қалағанынша тұра алмайды. Сонда Елбасымыздың саясатын кім қолдамай отыр? Тиісті мекемеге барсаңыз бәрін заңға әкеліп тірейді. Асылы заң дегеннің өзі халық үшін жасалатын дүние. Қазір керісінше халық «бұл не заң» деп шырылдайтын болды.

Аталмыш жиналыста негізінен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дайындық факультетінде оқитын тыңдаушылардың мәселелері ортаға қойылды. Бұл күнде  аталмыш факультетте  негізінен жат жұрттың бағы жанып тұр. Жылдан жылға өз қандастарын қабылдауды азайтып, Ауғанстан азаматтарын жарылқау модаға айналды. Шетелден оралған жас қазақтардың тіркелу, виза алу, азаматтыққа құжат тапсырудағы бітпес жыры осы факультетте ұзақ жыл басшылық еткен Жазира Тұманбайқызын да бейжай қалдырмаса керек. Осы жиналысқа келіп, отбасынан алыстап, Отанын іздеп келген қаракөз қазақтардың жүрекжарды тілектері мен ақыл жетпейтін ауыртпашылықтарын айтып, жанашырлығын білдірді.

Жиналысқа қатысқандар көші-қон мәселесінде әртүрлі келеңсіздіктердің бетін ашты. Дегенмен оқимын, білім аламын, осы елде тұрамын деп келген оралман жастардың пробелмасы ең өзекті деп танылды. Жиын соңында Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ержан Алтаев та осы мәселені дер кезінде шешу керек екенін қаперіне алды.

Қуантарлығы, көші-қон саласында жұмыс атқарып отырған құзырлы мекеме өкілдері қандастармен етене жұмыс жасауды, жиі пікір алмасып тұруды жіті назарда ұстайтындықтарын жеткізді. Бізде «Қамшы» порталының атынан Ержан Алтаев мырзаны алдағы күндерге онлайн конференцияға  шақырдық.  Уақыт көрсетер. Дегенмен «Көш жүре түзеледі». Тек тиісті азаматтар басқаны емес қазақтың көбеюуіне жұмыс жасап жатқандарын ұмытпағаны жөн. Елге ел қосылса құт. Ертең бір қазақтың осында тұруына қол ұшын созғаны үшін Алаш тарихында алтын әріппен жазылады.  Бір қазақтың елден кетуіне себепкер болса ұрпағының алдында қарғысқа қалады. Осыны білсе екен билікті жұрт.

Хазірет Әбділда

Сәрсенбек Қызайбекұлының фотосы

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір