• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 19:20:10
Алматы
+12°

19 Маусым, 2012 Саясат

Жандос БАЙДІЛДА. Тіл "тірілу" үшін алдымен өзіміз "тірілейік"!

Жақында ресейлік жазушы әрі сатирик Михаил Жванецкийдің "Алматылық қазақтардың орысшасы өте керемет екен. Орыс тілінің сақтап қалушысы біз емес, солар болып...

Жақында ресейлік жазушы әрі сатирик Михаил Жванецкийдің "Алматылық қазақтардың орысшасы өте керемет екен. Орыс тілінің сақтап қалушысы біз емес, солар болып қалатын сияқты" деген пікірін көзім шалды. Алматылықтардың тек орысшасы ғана емес, қазақшасы да жетіліп келе жатқандығын мойындауымыз қажет. Тіпті, шәлкез шаһардағы өзге ұлттар қазақ тілінде шүлдірлеп кетпесе де, едәуір түсінетіндігін іс жүзінде байқауға болады. 

Біздің міндетіміз не?! Қазақтың даласында отырып, орыстың әдеби тілінде сөйлеу мақтан емес. Әркім өз жыртығын өзі жамап алуы тиіс. Толстойы мен Достаевскийі бар ел тілін де, түрін де жоғалтпайды. Бірақ, адамзаттың Айтматовы айтқандай «Сөзді өзгелермен бөліспесең, өледі» деген сөз тағы да бар. Сол себепті мемлекет құрушы ұлттың ана тiлiнiң үстемдiгi жолындағы күресi жалғаса бередi. Жалпы, тiл күресi ешқашан тоқтаған емес. Мейлі сіздің тіліңіз халықаралық, тiптi әлемдiк қатынас тiлi болсын, егер тiлдiң дамуы жолындағы күрес тоқтаса, тiлiңiз де сол күннен бастап солғын тартуы заңдылық. Жаһандық тұтастыққа жұтылып кетпеу қамын жасайды.

Өткен сенбіде бір танысым Алматыдағы балалардың қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында медицина қызметкерлерінің төл мерекесіне орай өткізілетін мерекелік шараны жүргізіп беруімді өтінді. Бұрын-соңды тек өз ортамыздағы отырыстарды жүргізіп жүргендіктен, бұл өтінішіне дағдарып қалғаным рас. Бірақ, батылдығыма басып, ақ халаттылардың мерекелік шарасын жүргіздім. Барлығы мен ойлағаннан әлдеқайда керемет болды. Себебі, шара басталмас бұрын, рәсімді тек қазақ тілінде ғана жүргізем деген талап қойдым. Шараға қатысқан 70 шақты ақ халаттылардың 90 пайызын әйелдер құрайды екен. Iшінде қазақтан өзгелері де жетіп артылады. Қалған қазақтардың дені де қазақша бір сөз айту үшін ұзақ ойланатындар.

Бірақ, сол отырғандардың барлығы менің айтқан сөздерімді түгел түсініп отыр. Әзіл айтсаң жымиған, қалжыңдасаң күлімдеген көздерінен бәрі көрініп тұр. Тіпті, мерекелік рәсім аяқталған соң, барлығы ризашылығын білдіріп, құрметін көрсетті. Қазақтың тілінің дамығандығы емей немене бұл?! Бүгін түсінсе, ертең сөйлейді. Сосын ақырындап жаза бастайды. Сондықтан, қазақ тілін білмейтіндерге қозғау сап, ұйытқы болатын өзіміз. "Орда" тобының қазақша барлық әндерін жатқа соғатын орысты да, кәрісті де көргенбіз. Сөзіміз салмақты әрі парасатты, өніміміз сапалы әрі тиімді болып жатса жеңіс бізде.Тіл тірілу үшін алдымен өзіміз тірілейік.

Сурет rusmirzp.com сайтынан алынды 

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір