• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 04:19:44
Алматы
+35°

14 Қазан, 2016 NEWS

Нұрлан Ермекбаев: Салафиттердің барлығы ашық айтпаса да қатаң діни қағидаларға құрылған мемлекетті қалайды

Салафизмді ұстанушылар өз идеялары мен құндылықтарын біздің ұлттық мәдениетімізден, рухани дәстүрлерімізден жоғары қояды. Сондықтан да Дін істері және...

Салафизмді ұстанушылар өз идеялары мен құндылықтарын біздің ұлттық мәдениетімізден, рухани дәстүрлерімізден жоғары қояды. Сондықтан да Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қазақстан халқы салафизмнің тарауына заңмен тыйым салмай-ақ, оған жол бермей, зайырлы қағидаттарды басшылыққа алады деген сенімін білдірді. Бұл туралы ведомство басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, - деп хабарлайды Qamshy.kz Baq.kz – ке сілтеме жасап.

«Бұл таңдауды Қазақстанның әрбір азаматы қолдауы тиіс. Жұмыла көтерген жүк жеңіл болады. Салафиттердің барлығы ашық айтпаса да қатаң діни қағидаларға құрылған мемлекетті қоғамдық құрылыстың идеалды жүйесі деп есептейді. Осыған байланысты еліміз үшін салафизмді мүлдем жат, теріс ағым деп санаймыз», - деді министр.

Қоғамда салафизмге қарсы әртүрлі пікірлер айтылып жатыр. Қазір министрлік тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп осы мәселені мұқият қарастыруда. Осыған дейін Қазақстанда 23 лаңкестік және экстремистік ұйымға, соның ішінде салафиттік бағыттағы экстремистік ұйымға тыйым салынған.

«Осы ретте салафизм ұйым емес екендігін атап өту керек. Ол діни ағым, көзқарастар жүйесі», - деді Нұрлан Ермекбаев.

Оның айтуынша, елімізде қолданыстағы заңдар қазірдің өзінде жасырын діни ұйымдармен күресіп, радикалды діни әдебиеттерді таратудың жолын кесуге барлық мүмкіндікті жасап отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір