• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 18:37:32
Алматы
+12°

Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) еліміздің қоғамдық өміріне маңызы мен әсері орасан зор. Ассамблея қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін ұйым бола отырып, қайырымдылықтың жетекші тіректерінің бірі болып табылады. Бұл маңызды институттың ел үшін қызметі табиғи апаттар мен қайғылы оқиғаларға қарсы өзінің шешімділігі мен бірлігін көрсетеді. Арыс қаласындағы жарылыстар, Мақтааралдағы су тасқыны, Абай облысындағы орман өрттері немесе Алматы маңындағы ұшақ апаты болсын, Ассамблея мүшелері әрқашан алдыңғы қатарда, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек пен қолдау көрсетті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл Қазақстан бойынша Достық үйлерін құру арқылы моральдық қана емес, материалдық қолдау көрсетеді. Қазақстан ұйғыр жастар одағының төрағасы және Қазақстан халқы Ассамблеясының  басшысы Рустам Қайрыевтың айтуынша, аталған орталықтар этномәдени бірлестіктерді дамыту үшін платформа ретінде қызмет етеді және де әрбір этнос өкілі қазақ мәдениетін, экономикасын, білімін, ғылымы мен спортын дамытуға өз үлесін қоса алады.

Рустам мырза, Қазақстанда ұйғыр этносын қолдау үшін қандай негізгі әрекеттерді жүзеге асырылып жатыр?

Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының өзі өте белсенді ұйым және бұл қоғамдық қызмет болғанына қарамастан, орталық мүшелері Ұйғыр этносын дамыту бойынша орасан зор жұмыстар атқаруда. Бұл – ұйғыр мәдениетін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дамыту, этнос арасында мемлекеттік және ана тілін дамыту, білім беруді дамыту және ұйғыр тілінде оқытатын мектептермен ынтымақтастық, ғалымдар мен жазушылардың кітаптарын шығару, көптеген қайырымдылық акциялары, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету, онкологиялық науқастарды емдеуге және үй сатып алуға арналған алымдар, оқу жылына дейін балаларға арналған жыл сайынғы кеңсе әр түрлі тақырыптағы жастарға арналған тегін тренингтер, тегін заңгерлік кеңестер, мәдени дәстүрлердің болуын растайтын түрлі анықтамалар беру, жас және перспективалы спортшыларды қолдау, жұмысқа орналасу және т.б. секілді шаралар. Біздің орталықта ұйғыр этникалық тобының өкілдерін қолдау бойынша көптеген түрлі бағдарламалар бар. Сондай-ақ, мүмкіндігіне қарай, жоғарыда аталған барлық көмекті біз этникалық тегіне қарамастан барлық қазақстандықтарға көрсетеміз.

Сіздің ұйым нақты қандай қайырымдылық жобаларын ұйымдастырады?

 

ҚХА қамқорлығымен бірлесе отырып түрлі қайырымдылық және әлеуметтік жобалар жүргіземіз.  Мысалы, жыл сайын қарттарға арналған акция өткізіп, онда қарттарға азық-түлік және дәрі-дәрмек препараттарымен көмек көрсетіледі. Сол сияқты "Мектеп жол" акциясы арқылы жыл сайын аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды кеңсемен қамтамасыз етеміз. Құрбан айт мұсылман мерекесіне қайырымдылық көмек көрсету, жалғызбасты аналарға немесе студенттерге шағын бизнес ашуға көмектесетін "үлкен арманға кішкентай қадам" акциясы және басқа шараларды ұйымдастырып жүрміз. Сонымен бірге елдегі жағдайларға байланысты "Қазақстан халқы Ассамблеясының Қайырымдылық керуені" акциясы аясында біз Арысқа 60 тонна гуманитарлық көмек, Мақтааралға 80 тонна азық-түлік, Гигиена құралдары, жаңа киім, құрылыс материалдарын жібергенбіз. Жыл сайын біздің орталық орта есеппен 150 млн теңгеге қайырымдылық көмек көрсетеді.

Қазақстандағы Мәдени мұра мен дәстүрді нығайтудағы ұйғыр этносының рөлі қандай?

Кез-келген этнос сияқты ұйғырлардың да рөлі өте жоғары. Біз тек ұйғыр мәдени мұрасын ғана емес, сонымен бірге қазақ мәдениетін де дамытуға ықпал етеміз. Кітап шығару, қазақ мәдениетіне арналған іс-шаралар өткізіп отырамыз. Қазақтардың ұйғырларға өте ұқсас салт-дәстүрлері, тіпті көптеген ұқсас сөздері кездеседі. Өйткені бізде ортақ түрік тамыры бар. Біз этникалық мәдениетімізді әр түрлі іс-шараларда, көрмелерде, концерттерде, ғылыми және тарихи конференцияларда, дөңгелек үстелдерде, челлендждерде, акцияларда, галереяларда тұрақты түрде ұсынамыз. Өйткені біз Қазақстандағы ең ірі этникалық топтардың біріміз. Еліміздің алуан түрлілігінде бірлікті көрсету –біздің қасиетті борышымыз.

Қазақстанда ұйғыр тілін сақтау және ілгерілету үшін қандай шаралар қабылдануда?

Көптеген түрлі шаралар мен мемлекеттің көмегі зор, ұйғыр тілінде оқытатын мектептер бар. Қойылымдарды ұйғыр тілінде көрсететін, сондай-ақ Ұйғыр классикасын қазақ тіліне дубляждайтын мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры жұмыс істейді. Баспаларда ұйғыр тіліндегі кітаптар мен журналдар шығарылады. Мысалы, түрлі қазақстандық оқиғаларды басып шығаратын "Ұйғыр авази" қоғамдық-саяси газеті, сондай-ақ ұйғыр тілінде көптеген жеке басылымдар бар, ұйғыр тіліндегі классикалық әдебиет кітаптары шығарылады.  Сондай-ақ қазақ тіліне аударылған балаларға арналған ертегілер, жастарға арналған заманауи түсіндірмедегі халық әндері де бар. Жастарға арналған түрлі іс-шаралар және зияткерлік ойындар даөткізіліп тұрады. Мұның бәрі мемлекеттік тілдің дамуына ықпал етеді, өйткені олар ұқсас. Ұйғыр тілінде оқытатын мектептердің барлық түлектері 100 пайыз қазақ тілін меңгерген. Бұл мәселеге қатысты оң өзгерістер көптеп кездеседі.

Ұйғыр этникалық тобы мен Қазақстан Үкіметі арасындағы экономика мен білім беруді қоса алғанда, түрлі салалардағы ынтымақтастықтың болашағы қандай?

Қазақстандық ұйғырлар толыққанды азаматтар ретінде елдің дамуына зор үлес қосуда, бізде ірі кәсіпорындар мен зауыттарды басқара отырып, ұлттық экономиканы нығайтуға зор үлес қосатын көптеген кәсіпкерлер бар. Мысалы, біздің орталықтың төрағасы Долкунтай Абдулхалил, Қазақстандағы танымал меценат болып табылады. Әртүрлі қызмет салаларында көптеген жаңалықтар ашқан ғалымдар да бар: биолог Мәсімжан Велямов, тарих ғылымдарының докторы Аблет Камалов, филолог Рахмятжан Юсупов, 50-ден астам жарияланған еңбектері, 2 монографиясы, 8 медициналық құралдары, 14 патенті бар дәрігер Ерсайдолла Жапаровты атауға болады. Тіпті халықаралық ауқымдағы ғалымдар бар: орталықты басқаратын генетик Шухрат Миталипов портлендтегі Орегон денсаулық және ғылым университетінің эмбриональды жасушалық және гендік терапиясының авторы, 2013 жылы әлемге әйгілі nature журналы оны "клондау жөніндегі басшы" деп атады және бүгінгі жетістіктері үшін ол Нобель сыйлығына әлеуетті үміткер болып табылады.  Ол туған жері Алматы облысы екенін айтып, әрқашан Қазақстанды өзінің Отаны ретінде мақтан тұтады. Қазақстанның ұйғыр жастары креативті индустрияны, қазақ мәдениетін, спорттық жетістіктерін және басқа да көптеген қызмет салаларын дамыта отырып, бастамаларын белсенді түрде көрсетуде.

Жастарды қолдау жобалары туралы айтып беріңізші.

Қазіргі уақытта мен "алдағы 5,10,15 жылда Қазақстанда сұранысқа ие болашақтың ТОП 50 мамандығы" сияқты жобалардың авторы болып табыламын. Осындай жобалардың шеңберінде біз мектеп түлектерін кәсіптік тұрғыдан бағыт бағдар көрсетіп, қолдау білдіріп отыруға тырысамыз. Бүгінгі таңда 5 мыңға жуық жоғары сынып оқушылары қамтылды. "Қазақстан жастары – Креатив Елшісі" жобасында біз жастар арасында креативті ойлауды дамыту туралы тренингтер өткіземіз және мұның бәрін өңірлерде, сондай-ақ ірі жоғары оқу орындарында тегін жасаймыз. Мұның бәрі өзара көмек арқылы жүзеге асырылады. Біз әлеуметтік белсенді азаматтар ретінде мемлекетке көмектесеміз, мемлекет бізге ресурстармен көмектеседі. Мысалы, үй-жайларды ұсынады. Біздің әзірлемелерімізді ашады, тұтастай алғанда, біз бір мақсатқа қол жеткіземіз, республикамыздың дамуына серік боламыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір