Тоқаев 8-9 мамырда Мәскеуге барады

/image/2024/05/04/crop-27_24_427x759_101933612500.jpeg

Қасым-Жомарт Тоқаев 8-9 мамырда Мәскеуге барады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев мәлімдеді.

"Владимир Путиннің қазандағы Қазақстанға сапарынан кейін президенттер екі рет – Санкт-Петербургтегі ЕАЭО және ТМД саммиттерінде және ақпанда Қазанда өткен Болашақ ойындарында кездесті. Біздің президент 8-9 мамырда Мәскеуге сапар шегуді жоспарлап отыр" – деді Абаев ТАСС агенттігіне берген сұхбатында.

Елшінің айтуынша, биыл Қазақстан ШЫҰ мен ҰҚШҰ-ға төрағалық етеді. Президенттер кездесуі осы шаралар аясында жоспарланған.

Сонымен қатар, Уфа қаласында Ресей мен Қазақстан арасындағы өңірлік форум өтеді.  Тоқаев пен Путин осы жиын барысында да кездесуі мүмкін.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар