2024 жылдың 17 желтоқсанынан 2025 жылдың 12 қаңтарына дейін Алматы циркінде «Қар патшайымы» атты жаңажылдық ертегі қойылымы көрсетілді.
Қазақ мемлекеттік циркінің режиссерлік-қойылым тобы Сіздердің назарларыңызға көне ертегінің жаңа нұсқадағы бірегей қойылымын кішкентай көрермендерге ұсынды. Серпінді және қызықты ертегі оқиғасы қазіргі заманғы интерпретацияда цирк тілімен көрерменге жол тартады, барлығымызға белгілі Кая мен Герда кейіпкерлерінің орнына шытырман оқиғалардан Джоник пен Камилла өтеді. Сиқыршылар – Күлкі қорғаушысы, Көктем, Жаз, Күз басты кейіпкерлерге Қар патшайымының мұзды жүрегін ерітуге көмектеседі. Ол планетаның барлық балаларының ең қысқы, ең қарлы және ең сүйікті мерекесі – Жаңа жылдың қожайыны екендігін міндетті түрде есіне түсіруі тиіс.
«Басты кейіпкерлер Джоник пен Камилла біздің көрермендерге ұнағаны соншалықты – тағы да жаңа жылдық қойылымның кейіпкерлері атанды. Балалық шағымызда сиқырлы таяқшамен ертегілер әлеміне тап болып, әрбіріміздің қиялдайтын кезді еске түсіреді», - дейді Қазақ мемлекеттік циркінің бас қоюшы режиссері Марина Редько.
«Бағдарлама үшін арнайы жаңа цирк нөмірлері, эксклюзивті костюмдер, цирк реквизиттері жасалуда, көрермендерді ертегі сюжетіне баурап алатын интерактивті үлкен лазерлік шоу болады», - деді Қазақ мемлекеттік циркінің Директоры Мақсат Жаиков.
Мерекелік бағдарламаға Ю.Никулин атындағы Мәскеу циркінің әртістері өздерінің керемет үйретілген жануарларымен, көрермендерді күлкіге қарық қылатын күн шуақты Испаниядан келген клоун, Алматы циркінің үздік әртістері – халықаралық цирк өнер фестивалінің жеңімпаздары мен лауреаттары: әуе гимнасттары, эквилибристер, акробаттар, «Номад» каскадерлері қатысады.
17 желтоқсанда сағат 12:00-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Қар патшайымы» жаңа жылдық ертегісінің тұсаукесері өтеді. Қойылым қалалық Мәслихат депутаттарымен бірлесіп, халықтың аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына, ардагерлерге, қарттарға арналады.
Пікір қалдыру