Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин отандық тауар өндірушілердің мәселелерін көтеріп, мемлекеттік бюджетке түсетін қаржының үш көзін атады.
Электр энергетикасы тауарларын өзімізде өндірсек, доллардың курсына аса тәуелді болмаймыз. Себебі, тауарды өзімізде шығарамыз. Бұл теңгенің аз да болса күшеюіне ықпал етеді. Экономистердің айтуынша, мемлекетке кіретін үш қаржы көзі бар. Бірінші — экспорт, бізде экспорттың 90% шикізат, оның ішінде 58% мұнай. Екіншіден, қаражат қаржы институттарынан келед. Оның көзі азайып қалды. Біз қазір қарызды бюджеттің тесігін жабуға пайдаланып отырмыз. Үшінші қаржы көзі - Қазақстанда шығарылатын тауарлар. Ал бізде оның үлесі жоқтың қасы, — деді Еділ Жаңбыршин елордада өткен электр энергетика саласындағы отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау іс-шарасында.
Пікір қалдыру