ШҚО-да Балалар үйінің түлегіне берілуі тиіс үйді басқа біреудің атына аударып жіберген

/uploads/thumbnail/20241226153605541_big.webp

ШҚО прокурорлары Балалар үйінің түлегіне өзіне тиесілі үйді қайтарып алуына көмектесті.

- Шемонаиха ауданының прокуратурасы әлеуметтік желіде мониторинг жүргізу барысында Балалар үйі түлегінің құқығы бұзылғанын анықтады. Белгілі болғандай, ол Балалар үйінде болған кезде Шемонаиха қаласында орналасқан тұрғын үй мен жер учаскесі аудан әкімдігі тарапынан заңсыз үшінші тұлғаға берілген, - делінген ақпаратта.

Аудандық прокуратура қызметкерлері Балалар үйінің түлегіне сотқа талап арызын дайындау мен оны беру барысында құқықтық көмек көрсетті. Осылайша, ШҚО әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен оның талап-арызы қанағаттандырылып, үй өзіне қайтарылды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар