Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шықты

/uploads/thumbnail/20241226113010527_big.webp

Талғарда кісі қолынан мерт болған Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов босап шықты.

Ол әлеуметтік желіде қолдаушыларына алғыс айтып, үйінде екенін көрсетті.

Оны 10 желтоқсанда полиция ұстап, соттың шешімі бойынша 15 күнге қамауға алынған еді. Ол "Ұсақ бұзақылық жасады" деп айыпталған болатын. 

Қазақ елі! Аллаға шүкір, үйдеміз. Қолдауларыңызға көп рақмет! Бәрі жақсы, бала-шағаның жанындамыз. Қорқатын ештеңе де жоқ, - деді ол.

https://www.instagram.com/reel/DEAryuLOXNd/?igsh=am85dThmeHVhd2Fy 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар