Алдын ала мәліметтер бойынша, Азербайджанның Az Airlines әуекомпаниясына тиесілі Бакудан Ресейдің Грозный қаласына ұшып шыққан жолаушы ұшағы Ақтауға жақын жерде құлаған.
Ақтауда ұшақ құлаған орынға Қазақстан ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және 11 техника барды.
- "Оқиға орнына келген бойда әуе кемесі жанып жатты. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр, алдын ала мәлімет бойынша тірі қалған адамдар бар", - делінеген хабарламада.
Azerbaijan Airlines-тің Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан AHY8243 нөмірлі ұшақ құлады. Baza айтуынша, апатқа ұшыраған ұшақтың бортында 67 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған. ҚазАвиа ақпараты бойынша ұшақ құспен қақтығыстан құлады.
Бұған қатысты Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова:
-Сол жерге ұшақ кетті.14 жедел жәрдем бригадасы шығады. Әзірге тірі қалғандардан 6 адам бар екендігі белгілі. Олардың жағдайы өте ауыр,- дейді.
Пікір қалдыру