• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 05:05:54
Алматы
+35°

22 Қазан, 2016 Ғылым-білім

Діни сауаттылық - бүгінгі БАҚ қажеті

Қазанның 21 күні Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті,  философия және саясаттану факультетінде «Қазіргі Қазақстандағы діни жағдай және...

Қазанның 21 күні Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті,  философия және саясаттану факультетінде «Қазіргі Қазақстандағы діни жағдай және оның  БАҚ беттерінде ақпараттандыруы» мәселелері тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті. Семинар журналистер, дінтанушы және саясаттанушы ғалымдар арасында пікір алмасу форматында жүргізілді. Дінтанушылар мен сясаттанушылар қазіргі ел іші және шет елдердегі болып жатқан діни һәм саяси өзгерістерді кеңінен баяндап берді. Сонымен бірге діни ақпарат таратудың маңыздылығына тоқталған олар, баспасөз беттерінде әсіресе, дінге қатысты ақпараттар легінде олқылықтар кездесіп қалатынын жасырмады.

Дін-идеологиялық қару спетті, оны сол салада маманданған журналистер жазуы керек десті жиналғандар. Олардың айтуынша қалам ұстаған қауым иелері жазған материалдар дінтанулық сарпатамадан көрі көбіне-көп насихаттылығы басым уағызға айналып кететін көрінеді. Философия және саясаттану факультеті деканының орынбасары, филос.ғ.к., доцент Бекжан Мейірбаев салалық журналистика бойынша дінтанулық журналистиканың да ашылып қалу мүмкіндігі бар екендігін, болашақта бұл қадам міндетті түрде күнтізбелік жоспарға кіретінін айтып отыр. Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі,  филос.ғ.д., профессор Айнұр Құрманалиева., филос.ғ.д., профессор Нағима Байтеновалар аталмыш тақырып бойынша баяндамалар жасады. Тақырып жан-жақты талқыланып, журналистер тарапынан дін саласына қатысты бүгінгі күннің  өзекті сұрақтары қойылып, ұсыныстар айтылды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір