• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 05:09:30
Алматы
+35°

01 Қараша, 2016 NEWS

АИ-92 маркалы жанармай арзандауы мүмкін

Энергетика министрі Бозымбаев қазіргі кезде елімізге импорттық жанармай көптеп келіп жатқаны туралы айтты. Ресейде жанармай бағасы Қазақстанға қарағанда...

Энергетика министрі Бозымбаев қазіргі кезде елімізге импорттық жанармай көптеп келіп жатқаны туралы айтты. Ресейде жанармай бағасы Қазақстанға қарағанда қымбаттау болғандықтан, екі елдің жанармай бағасының нарықтағы үлестері құбылмалы болып тұр. Көптеп шығарыла бастаған жағдайда жанармай бағасы он күн шамасында қалпына келмек. Бұл туралы Қанат Бозымбаев Үкімет отырысының қорытындысына арналған баспасөз конференциясында айтты. 

«АИ-92 маркалы жанармай бағасы сәл қымбаттады. Бұған қатысты үш мәселе бар. Біріншісі – Шымкент мұнай зауыты қазір күрделі жөндеуден өткізілуде. Оны 12-қарашада ске қосу жоспарланған. Бұл күрделі жөндеу қайта жаңғырту аясында жүргізілуде, себебі зауытта қажетті жаңа құрылғылар іске қосылып жатыр. Зауыт іске қосылған соң АИ-92 маркалы жанармай көбірек шығарылатын болады. Бұл оның бағасына өз әсерін тигізеді деген ойдамын», – деп мәлімдеді Бозымбаев.

Оның айтуынша, 20 күн бұрын жанармай шығаратын Павлодардағы мұнай химиясы зауытында технологиялық бұзушылық орын алғаны туралы да мәлімдеді. Тиісінше, бұл жерде де жөндеу жұмыстары жүргізілген.

«Зауыт 2-3 күннің ішінде іске қосылса, жоғары октанды жанармай қазіргіден төмен, өзінің бағасымен көбірек шығарылып, есесіне нарыққа да көбірек келетін болады. Сонда жанармай нарығындағы баға реттеледі», – деді Қ.Бозымбаев.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір