• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 21:22:06
Алматы
+35°

03 Қараша, 2016 Саясат

Абзал Нүкенов Дін істері және азаматтық қоғам жөніндегі вице-министр болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 қарашадағы қаулысымен Нүкенов Абзал Нүкенұлы Дін істері және азаматтық қоғам жөніндегі вице-министр болып...

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 қарашадағы қаулысымен Нүкенов Абзал Нүкенұлы Дін істері және азаматтық қоғам жөніндегі вице-министр болып тағайындалды, - деп хабарлайды Qamshy.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абзал Нүкенов 1978 жылы 21 шілдеде Алматы облысында дүниеге келген. 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдаған. Саяси ғылымдар кандидаты (2004 жыл).

2000-2005 жылдары «Отан» партиясы Орталық аппараты идеологиялық бөлімінде сектор меңгерушісі, 2005-2006 жылдары Алматы қаласы Ішкі саясат департаментінің үкіметтік емес ұйымдармен және діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы лауазымдарын атқарған.

2006 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.

2009-2011 жылдары Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті қазіргі заманғы зерттеулер институтын басқарған.

2011-2016 жылдар аралығында ҚР Қауіпсіздік кеңесінде сектор меңгерушісі, Ситуациялық орталық жетекшісінің орынбасары, орталық жетекшісі лауазымдарын атқарған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір