• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Мамыр, 05:36:56
Алматы
+35°

10 Мамыр, 2017 NEWS

Бір күнде 5 бала белгісіз себеппен көз жұмды

Алматы облысында бір отбасы бір сәтте үш баласынан айырылды, деп хабарлайды

Алматы облысында бір отбасы бір сәтте үш баласынан айырылды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі informburo.kz-ке сілтеме жасап. 

Келеңсіз  жағдай Алматы облысы Райымбек ауданының бір ауылында орын алған.  Суармалы арыққа 2012,2014 және 2015 жылғы жас бүлдіршіндер ағып кеткен.

«Балалары ойнап жатқан кезде әкесі аймақты аралап қайтпақ болады. Ал анасы түскі ас әзірлеп жатқан. Балалар үй жанында 300 метр жерде ойнап жүрген.  Балалар байқаусызда арыққа құлап кеткен» деп мәлімдеді  Төтенше жағдайлар басқармасы департаментінің қызметкерлері.

Дәл сол күні Ескелді ауданында Теректі өзеніне  белгісіз себептермен 2004 жылғы екі қыз суға ағып кеткені жайлы  хабар тараған болатын.

8 мамыр күні А. есімді азаматша өзінің 2004 және 2006 жылғы қыздарымен және көрші үйдің 2004 жылғы қызымен саңырауқұлақ жинауға шығады. Кешкісін өзінің үлкен қызымен үйіне қайтып кетеді. Ал екі қыз сол жерде қалып қояды. Біраз уақыт өткен соң таудағы қыздардың үйге оралмағанын байқайды.  Түні бойы іздеу еш нәтиже бермейді. Таңертең 9 мамыр күні екі қыздың мәйіті Теректі өзенінен табылады.

Құтқарушылардың мәлімдеуінше, жазатайым жағдай ата-аналардың дұрыс бақылау жүргізбегенінен дейді.  Ең қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауын да тілге тиек еткен болатын.

Шолушы: Айгерім Таубай 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір