• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Мамыр, 08:13:53
Алматы
+35°

 

Қазақстандағы 2016 жылғы көрсеткіш бойынша халық саны 18 миллионға жақындаған. Оның 12 миллионы қазақтар, әрі Қазақстанда жан саны 100 мыңнан асатын 8 этнос өмір сүреді. Бұл туралы Статистика комитетінің Қамшы ақпараттық агенттігінің сауалына берген жауабында белгілі болды.  Статистика комитетінен агенттік «Қазақстанда тұрып жатқан этностар тізімі мен олардың жан саны үлесін» сұраған болатын.   

Статистика комитеті төрағасы Қ. Орынханов қайтарған жауап хатта Қазақстанның 2016 жылғы демографиялық көрсеткіштері қоса берілген. Оған сай Қазақстанда тұратын жан саны ең көп этнос орыстар. Олар Қазақстан халқының 20,1 пайызын құрайды.

Сәйкесінше өзбектер 3,1, украиндар 1,58, ұйғырлар 1,45, татарлар 1,13, немістер 1 пайызды құраса, қалған этностар жан саны халық санының 1 пайызына жетпейді. 2009 жылғы халық санағы көрсеткішіне сай, жан саны халықтың 1 пайызынан асатын қазақ ұлтынан басқа 8 этнос болса, 2016 жылғы көрсеткіш бойынша 6 этнос жекелей 1 пайыздан асады. Сонымен қатар, 2009 жылғы санаққа сай 22 этностың жан саны 10 мыңнан асатын болса, 2016 жылы бұл көрсеткішті тек 17 этнос көрсетіп тұр.

Белгілі болғандай, өткен жылы 35 мың адам республика аумағынан көшіп кеткен. Сәйкесінше елге келіп ірге тепкендер саны 13670 адамды құрайды. Алайда, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  2016 жылы 16 мың 417 отбасы немесе 33 мың 754 этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды, — деп хабарлаған еді.

Қазақстандағы этностардың мәдениетін көркейту, ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган мәртебесімен құрылған болатын. 2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды.

Естеріңізге салсақ, 2009 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда ресми тіркелген этностар төмендегідей болатын.

1. Қазақтар - 9 540 806

2. Орыстар - 3 869 661

3. Өзбектер - 463 381

4. Украйындар - 422 680

5. Ұйғырлар - 241 946

6. Татарлар - 226 803

7. Немістер  - 220 975

8. Кәрістер - 103 931

9. Әзірбайжандар - 93 972

10. Белорустар -  87 090

11. Түріктер - 89 083

12. Дұнгандар - 49 605

13. Поляктар - 39 869

14. Күрдтер - 39 660

15. Шешендер-  36 555

16. Тәжіктер - 34 296

17. Қырғыздар - 20 931

18. Башқұрттар - 20 323

19. Ингуштер - 17 849

20. Молдавандар  - 17 380

21. Армяндар - 15 127

22. Гректер  - 11 310

23. Мордвалар - 10 864

24. Чуваштар - 9139

25. Удмурттар-  7540

26. Болгарлар - 6222

27. Литвандар - 6183

28. Грузиндер - 5774

29. Қарақалпақтар - 5593

30. Марийлар - 5584

31. Сығандар - 5207

32. Лезгиндер - 4643

33. Еврейлер - 4068

34. Қытайлар - 3961

35. Парсылар - 3517

36. Түркімендер - 2129

37. Балқарлар - 2107

38. Үндістан және Пәкістан халықтары - 1930

39. Осетиндер -  1871

40. Латыштар -  1421

41. Аварлар - 1417

42. Эстондар-  1375

43. Қарашайлар - 1364

44. Қырым татарлары - 1044

45. Арабтар - 953

46. Дарғындар - 944

47. Ауғандықтар-  821

48. Коми-пермяктар - 761

49. Чехтар - 754

50. Моңғолдар - 752

51. Қалмақтар - 738

52. Құмықтар -  734

53. Твалар - 635

54. Гагауздар- 620

55. Адыгайлар - 604

56. Румындар - 597

57. Лактар 574

58. Буряттар - 537

59. Ағылшындар - 515

60. Венгрлар - 485

61. Алтайлықтар - 476

62. Финндер -  454

63. Ноғайлар - 438

64. Американдықтар - 436

65. Сахалар(якуттер) -  415

66. Италияндықтар - 404

67. Чувандар - 388

68. Карелдер - 365

69. Хакастар - 362

70. Табасарандар - 345

71. Удиндер - 342

72. Асираилдіктер - 338

73. Комилер - 288

74. Абхаздар - 214

75. Шорлар - 210

76. Черкестер - 176

77. Ненецтер - 176

78. Абазиндер - 149

79. Агулдар - 137

80. Кабардиндер - 98

81. Халха-моңғолдар - 96

82. Кубалықтар - 95

83. Рутулъдер - 93

84. Долгандар - 83

85. Коряктар - 76

86. Въетнамдықтар - 67

87. Татар - 66

88. Хорваттар - 63

89. Сербтер - 61

90. Австриялықтар - 60

91. Словактар - 58

92. Испандар - 57

93. Албандықтар - 55

94. Француздар - 51

95. Евразиялық еврейлер - 50

96. Удегейлер - 49

97. Жапондар - 46

98. Голландықтар  - 45

99. Вепстер - 43

100. Эванкілер - 38

101. Белуджилер - 37

102. Грузиндіктер - 35

103. Эвендер - 34

104. Таулық еврейлер - 33

105. Хантылар - 31

106. Қырымшақтар  - 31

107. Тофалар - 30

108. Қарайымдар - 29

109. Мансылар - 24

 

110. Цехурлар  - 23

111. Чукчалар -  22

112. Нанайлықтар - 22

113. Ижорлар - 17

114. Алеуттер - 14

115. Нивхилер - 10

116. Ителмендер - 10

117. Энецтер - 9

118. Кеттер - 9

119. Юкагилер - 8

120. Орогтар  - 8

121. Даттықтар - 7

122. Селъкуптар - 4

123. Уличтер - 4

124. Нагидалықтар - 4

125. Саамдар - 3

126. Үльттар - 2

127. Наганасандар - 2

128. Эскимостар - 2

129. Басқалары  -1357

Барлығы: 15 776 492 

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір