• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Мамыр, 05:00:57
+35°

11 Мамыр, 2017 Әлеумет

Астананың хәлі осындай! Жел түртсе, ұшқалы тұрған тұрғын үйлер (ВИДЕО)

Қазақстанның астанасы - Астана қаласының хәлі осындай. Қаладағы тұрғын үй кешендері жел түртсе, ұшып кеткелі тұр.

Қазақстанның астанасы - Астана қаласының хәлі осындай. Қаладағы тұрғын үй кешендері жел түртсе, ұшып кеткелі тұр.

Төмендегі видео қаланың тұрғын үй кешендерінің бірінде түсірілген. Арнау-3 деп аталатын бұл кешен - бүгінгі заман талабына сай салынған қала ішіндегі қалашық. Алайда 9 қабатты кірпіштен салынған бұл үйлердің шатыры қағаздан жасалған ба деп қаласың. Инстаграм желісінде жарияланған видеоға назар аударсақ, кішкене соққан желдің салдарынан шатыры алынып кеткен, тіпті одан әрі ұшып кетудің үстінде тұр. Бұған қатысты халықтың пікірі де толастар емес. Астананы "Жасанды қала" дейді желі қолданушыларының бірі. Енді бірі құрылысқа кеткен қаражатты санап әлек. Кім не десе де, көрер көзге айқын көрініп тұрған дүние. 

Шолушы: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір