• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Мамыр, 00:52:15
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2017 Саясат

Эйр Астана, ҚазМұнайГаз және Қазатомөнеркәсіп жекешелендіріледі

Еліміздің ірі компаниялары - «Эйр Астана», «ҚазМұнайГаз» және «Қазатомөнеркәсіп» 2019 жылдан кешіктірілмей...

Еліміздің ірі компаниялары - «Эйр Астана», «ҚазМұнайГаз» және «Қазатомөнеркәсіп» 2019 жылдан кешіктірілмей жекешелендірілетін болады.  ҚазАқпараттың жазуынша, бұл туралы ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов сәрсенбі, 10 мамыр күні мәлімдеді.

«Үш компанияның акциялары IPO арқылы сатылатын болады», - деді министр Reuters агенттігіне Кипрде өткен Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің жыл сайынғы жиналысы шеңберінде.

Қазақстанда 120-дан астам шағын және орта компания жекенің қолына өтіп үлгерді. Қазіргі уақытта ірі кәсіпорындарды жекешелендіру жұмыстары жүргізілуде. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір