• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Мамыр, 01:15:19
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2017 Саясат

Дәурен Абаев: «Мен қазақпын» жобасының қымбат болғанын қалаймын

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Мен қазақпын» жобасының идеясын қолдайтынын жеткізді.  Бұл туралы Орталық...

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Мен қазақпын» жобасының идеясын қолдайтынын жеткізді.  Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады. Аталмыш жоба аясында халық әндерін орындаушылардың арасында конкурс өтеді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

 «Мен жобаның қымбат болғанын қалаймын. Егер мүмкіндік болып жатса, демеушілерді тартуға болады. Мен «Қазақстан» ұлттық телекорпорациясының осы жобаны толықтай алып шығатынына сенімдімін. Осы жобаға тартылған барлық қызметкерлерге қаламақы жақсылап төленеді деп ойлаймын. Кейбір жобаларға қаражатты аямауларыңызды сұраймын. Сапалы деген сөз қымбат дегенге сай келмейді, сапалы бұл жоғары деңгейде түсірілген дегенді білдіреді»,-деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Министр өз сөзінде алдағы уақытта осындай сапалы жобаларды қолға алып,  халық өнерін жандандыру және дамыту керектігін баса айтты.  

Айта кетейік, 

«Қазақстан» телеарнасында халықаралық «Мен қазақпын» жобасы бастау алды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  атап өткендей, «Біздің ұлттық дәстүріміз бен салтымыз, тіліміз бен өнеріміз, әдебиетіміз бен тойдағы әдет-ғұрыптарымыз – бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз  мәңгі бізбен бірге қалу қажет»

На телеканале «Казахстан» запущен международный проект «Мен – қазақпын», в котором найдет свое отражение призыв президента страны Нурсултана Назарбаева: «Наши национальные традиции и обычаи, язык и музыка, литература и свадебные обряды, – одним словом, национальный дух, должны вечно оставаться с нами».

         Неліктен «Қазақстан» телеаранасына таңдау түсіп отырғанын түсіндіре кетейін деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Орталық коммуникциялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында. «Қазақстан» -№1 арна. Және 99 пайызға жуығын қамтиды. 100 пайыз қамтылу- бұл бірінші кезекте. Екіншіден, ұлттық арнаның танымалдылығы маңызды болып отыр. Үшіншіден, арнаның маңыздылығында»-деді министр Абаев өз сөзінде.

Сондай-ақ, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі  жоба бағасының мәселесін «Қазақстан» ұлттық арнасының толық шешетінін алға тартты. «Кез-келген телеарна осындай жобаны алып кете алмайды. Сондықтан «Қазақстан» телеарнасына таңдауы түсті»,-деді Дәурен Абаев.

Министр Дәурен Абаев осы жобаның жалғасатынын да атап өтті. «Тек «Қазақстан» телеарнасы ғана емес, барлық бұқаралық ақпарат құралдары жұмылдырылады» Бұл жерде мемлекеттік болмаса жекеменшік деп бөлінбейді» Ақпарат және коммуникациялар министрлігі үшін ең маңыздысы-тиімділік. Біз кез-келген саланың кез-келген жобасын қолдауға дайынбыз. Жақын арада бір нақты жобаны атаймыз. Қазірдің өзінде маңызды және қызықты жоба «КТК» және «31» теларнасымен бірге дайындық үстінде»,-деп нақтылады министр Дәурен Абаев.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір