• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:00:54
Алматы
+12°

13 Қараша, 2012 Саясат

Қазақ журналистеріне хат. «Жаңа жыл» деген сөзді наурызға дейін ұмытайық!

Қазақтың немесе тәуелсіз Қазақстанның жаңа жылы – 22 науырыз. Ендеше әр жылдың 1 қаңтарын алақайлап қарсы алу абыройсыздықтан басқа түк те әкелмейді. Сондықтан...

Қазақтың немесе тәуелсіз Қазақстанның жаңа жылы – 22 науырыз. Ендеше әр жылдың 1 қаңтарын алақайлап қарсы алу абыройсыздықтан басқа түк те әкелмейді. Сондықтан ол күнді ұмытайық. Атын да атамайық. Ұмытудың басы – «Жаңа жыл» деген сөзді наурызға дейін қаперімізге алмаудан басталсын! Бұған өзін тәуелсіз елдің баспасөзімін деп есептейтін газет-журнал мен телеарналар, тәуелсіз елдің сөз ұстарымын дейтін кез келген  журналист пен қаламгер қуана келіседі деп сенеміз.

Елбасы Н.Назарбаевтің өзі: «Түптеп келгенде біздің нағыз Жаңа жылымыз осы Наурыз болуы қажет… Түбінде осы мерекеге келуіміз керек. Бұл халқымыздың, тәуелсіздігіміздің ең негізгі тамырының бірі болып саналады» деп еді. Мемлекет басшысының ауызынан шыққан әр сөзін құрандай жаттап алатын шенеуніктердің дәл осы «науырызға» немесе тіл мәселесіне, ұлт мүддесіне қатысты әңгімелерге келгенде тас керең болып қалатыны белгілі жайт. Мейлі ондай қағынан жерігендерді «тексіз» дейік, «мәңгүрт» дейік. Бәрібір жүректері тұмшаланған. Сондықтан бар салмақ ең алдымен қазақ журналистеріне түсетіні айдан анық.

Мұхтар Тайжан ағамыз бұдан кейін орыс тілінде сұхбат беруден бас тартты. Бұл нақты қадам. Қазақ журналистеріне де сол керек. 1 қаңтарды «Жаңа жыл» деп айтқысы келгендер айтсын, жазғысы келгендер жазсын. Бір апамыз: «Өзіңнің көзің көк, сөзің көп екен» деп еді орысша сөйлеген біреуге. Сол айтпақшы сөзді көбейтпейік. Өзімізден бастайық. «Қамшы» порталы наурызға дейін яғни 1 қаңтардың алды артында «жаңа жыл» деген сөзді жазудан, айтудан бас тартады. Мейлі ол «жаңа жылға» қарсы жазылған мақала болса да...

Басты мақсат – елемеу.

Сурет ғаламтордан алынды

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір