• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 08:44:33
Алматы
+12°

30 Қазан, 2017 Кәсіпкер

Ресей тұрғыны латынға көшкен Қазақстанға соғыс ашу керектігін айтты (видео)

Елбасы қол қойған Жарлыққа Ресей тұрғындары қарсылық танытуда.

Қазақстанда латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі бекітілді. 27 қазан күні мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тиісті жарлыққа қол қойған. Осыған орай Ресей тұрғындарының бірі өз наразылығын білдірді. Ол өз видеосында Қазақстанға қарсы соғыс ашу керектігін айтты.

«Қазақстанда латын әліпбиіне көшу туралы жарлыққа қол қойылды. Бұл не деген сөз? Путиннің саясаты құлады деген − осы. Украинаны жоғалттық, сосын Грузияны жоғалттық. Енді, міне, Қазақстанды да жоғалтпақпыз. Қазақстан басшысы бетімізге күліп қарағанымен, артымыздан неше-түрліні істеп жатыр. Шындығында, ол халықты құрған біз едік, ал олардың алғысы осындай болды. Мен Алматыда қызмет еткенмін, 1980 жылдары Алматыдағы өмір керемет еді, кез-келген азық-түлікке, етке қол жетімді болатын еді. Оның бәрі біздің арқамызда болды. Мен Путиннің орнында болсам, әскер дайындайтын едім. Алматы мен Астанаға әскер қойып, күштеу арқылы мына саясатқа тоқтау салатын едім. Себебі, ол аймаққа Ресейдің әсері мол. Біз сол аймақтың құрылуы үшін жанымызды қидық, қанымызды төктік. Ал бүгін соның бәрінен айырылып отырмыз.

Путиннің кім екені түсінікті, Украинаны берді, Грузияны бере салды, Қазақстаннан да айырылды. Егер мен президент болсам, Путинге айтар едім: «Путин, егер сіз шынымен орыс ұлтынан болсаңыз, патриот болсаңыз, дәл қазір әскер бастап, Алматыға аттануыңыз керек! Алматының шекара аймақтары мен оқулары өтетін әр жерге орыс әскерін қою керек! Бұл саясатты тоқтату қажет! Бұл – нағыз мемлекеттік сатқындық! Ал Назарбаевқа қарсы қылмыстық іс қозғау керек! Заңға сәйкес, ол не түрмеге отыру керек, не көзі жойылу керек. Себебі, бұл – орыстың жері, орыстың аумағы, ол аймақты құру үшін біз 200 жылымызды сарп еттік, қан төктік. Енді айырылып қалуға болмайды!».

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір