• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 07:23:14
+12°

03 Қаңтар, 2018 Фото-баян

Бойындағы ерекшеліктерімен бар әлемге танымал болғандар (фото)

Шетелдік БАҚ жинақтаған галерея кімді болса да бейжай қалдырмасы анық.

Танымал атанудың жолы әр қилы. Бірі кино актриса болуға ұмтылады, енді бірі әлемді дүр сілкіндірген жаңалық ашып жатады, өзгесі миллиардер атанады. Ал төменгі тізімге енгендер мұның бірін жасамаған, алайда олардың да әлемге жар салып көрсетуге тұратын іс-әрекеттері бар. Шетелдік БАҚ жинақтаған галерея кімді болса да бейжай қалдырмасы анық.

Танымалдылық

8 айлық Чахат Кумар Үндістандық Пенджаба қаласында дүниеге келген. Оның ерекшелігі, дүниеге келген сәттен салмақ жинай бастаған. Қазіргі уақытта 8 айлық сәбидің салмағы – 17 келіні көрсетіп тұр. Бұл 4 жастағы балаларға тән салмақ. Шектен тыс салмақ сәбидің дем алуын қиындатып, ұйқысын бұзады. Алайда Чахат 4 адамға татитын тамақты жалғыз өзі бір уақытта жейтін көрінеді.

Танымалдылық

Үндістандық Хайдарабад қаласында тұратын отбасында 11 адам бар. Алайда екі жанның ғана бойы қалыпты. Өзгелері генетикалық дертке шалдыққандықтан кіші бойлы болып келеді. Әрі ол ұрпақтан ұрпаққа тарайтын ауру.

Танымалдылық

2008 жылы баскетболшы Екатерина Лисина Пекинде өткен олимпиадада қола жүлдеге ие болған. Ендігі кезекте бойжеткен әлемдегі ең ұзын модель атануы армандайды. Оның бойы – 205 сантиметр.

Танымалдылық

Австралиялық Деб Роэч дүние есігін бір қолсыз ашқанымен, бұл кемшілігі бойжеткеннің танымал биші атануына кедергі келтірген жоқ.

Танымалдылық

1 жасқа келгенде көлік тізгіндей білген Джейдин Смит екі жасында мотокроссты игерді. Қазір бала 4-те және ол мотоциклмен еркін жүреді. Ата-анасы балалары үшін уайымдағанымен, әлі күнге дейін жарақат алмағанын айтып мақтанады.

Танымалдылық

2016 жылы Miss Ten USA байқауына қатысқан Джиллиан Уильямс онкологиялық ауруға шалдығады. Оның сүйектеріне зақым келіп, бір аяғының ортаңғы бөлігін кесіп тастайды. Зақым келмеген табаны мен сирағын теріс айналдырып тіккенімен, Уильямс үмітін үзбек емес. Ол волейбол бойынша олимпиада ойындарында бой көрсетуді армандайды.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір