03 Қаңтар, 2018 NEWS

Қалаулым қатысушысы: «Мені 17 млн. халық алдында ұятқа қалдырды» (видео)

"Мен оларды (Қалаулым бағдарламасын) сотқа беремін, олардың түбіне жетемін",-дейді Айгерім.

"Қалаулым" бағдарламасының қатысушысы Айгерім Нүркеева бағдарламаны сотқа беретінін мәлімдеді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жас қыздың айтуынша, "Қалаулым" бағдарламасындағы қатысушыларға қатысқандары үшін ақша төленеді. Сонымен бірге, бағдарламадағы жұптарға, олардың серуендеріне, киімдеріне де ақша төленіп, барлығы алдын-ала ұйымдастырылады. 

Қазіргі уақытта бағдарламаның жұмыс істеп жатқанына 6 айдың жүзді болса да, әлі бірде-бір жұп үйленіп, шынайы өмірде қосылмаған дейді Айгерім. Сонымен бірге, Айгерім Нүркеева әрбір айтылған сөзіне дәлел бар екенін айтады.  "Мені қолдаймын деген адамдар, ұйымастырушылар мені шоу үшін пайдаланып, ақырында тастап кетті. Мен олардың шындықтарын елге жария етемін"-,дейді қыз.

Оның айтуынша, "Қалаулым"  бағдарламасы тек рейтинг үшін жұмыс істейді және бағдарлама ұйымдастырушыларына шоу керек.  Оның қатысушылары бағдарламаға тек пиар үшін ғана қатысады.  

"Мен оларды (Қалаулым бағдарламасын) сотқа беремін, олардың түбіне жетемін",-дейді Айгерім.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір