03 Сәуір, 2018 Спорт
WBC президенті: Головкин-Альварес реваншы болмайды
Еске сала кетсек, Сауль Альварес Невада штаты Атлетикалық комиссиясының (NSAC) шешімімен уақытша спорттан шеттетілген еді.
Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық «Канело» Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өтуі тиіс реванш 5 мамырда өтпейтін болды. Бұл туралы WBC президенті Маурисио Сулейман айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі SPORTINFORM мәліметіне сүйеніп.
— Менің пікірімше Головкин мен Альварес арасында жекпе-жек болмайды. Альварес ісі бойынша Невададағы тыңдалым 18 сәуірге көшірілді. Сондықтан жекпе-жектің 5 мамырда өтетінін көз алдыма келтіре алмаймын, — дейді Сулейман ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.
Еске сала кетсек, Сауль Альварес Невада штаты Атлетикалық комиссиясының (NSAC) шешімімен уақытша спорттан шеттетілген еді. Наурыздың басында Сауль Альварестен алынған допинг-сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат табылды. Оның мүддесін қорғайтын Golden Boy промоутерлік компаниясы боксшының қан құрамынан тыйым салынған препарат — Кленбутерол табылғаны туралы ақпаратты растады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір