05 Мамыр, 2018 NEWS
Ерте қартайған Нұржан Өркешбаев елден сүйінші сұрады
Сирек кездесетін сырқатымен ел назарына түскен атыраулық Нұржан Өркешбаев өз жаңалығын жария етті
Сирек кездесетін сырқатымен ел назарына түскен атыраулық Нұржан Өркешбаев өз жаңалығын жария етті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасай отырып. Ерте қартайған қазақ баласы екінші рет отбасы құрғалы жатыр.
«Некемді қиғалы жатырмын. Әзірге менің жаңалығым осы. Ол адаммен Құлсарыға қонаққа барғанымда танысқан едім. Алла қаласа болашақ жарым болады деген ниетте отырмын. Ұлан асыр үлкен той болмайды. Ағайын туысты шақырып беташар жасап, некемізді қиямыз», — дейді Нұржан Өркешбаев.
Нұржанның болашақ жары — «Адай» руынан шыққан 24 жастағы бойжеткен Ақтау қаласынан екен. «Әзірге бірге суретке түскен жоқпыз. Болашақ жарым фотосын жария етуге қысылып тұр. Бірақ міндетті түрде бұл қуанышты сіздермен бөлісетін боламын», — дейді Нұржан.
Бұған дейін шаңырақ көтеріп, жарымен ажырасып кеткен азамат келесі неке қию рәсімін мамыр айына жоспарлап отыр.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін атыраулық Нұржан Өркешбаев елден сүйінші сұрайтындай жаңалығы бар екенін айтқан болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір