• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 01:29:55
Алматы
+7°

25 Қараша, 2024 NEWS

Ақтөбе облысында ақша жымқырған балабақша бухгалтері 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының прокуратурасымен мектепке дейінгі ұйымдарда 54 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз иемденiп алу деректерін анықтады.

Көрнекі сурет

Бас прокуратураның мәліметінше, "Балауса", "Гүлдер", "Шапағат" және "Арай" балабақшаларының бухгалтерлері басшыларының атынан құжаттарға қол қойып, өздерінің есеп-шоттарына заңсыз ақшалар аударған.

"Барлық көрсетілген деректерге қатысты аудан прокуратурасымен бухгалтерлерге қатысты ҚК-тің 189-бабының 2 және 4-бөліктерімен (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде "Шапағат" және "Арай" балабақшаларының бухгалтерлерімен жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам шығындарды өтеулеріне байланысты, қылмыстық істер өндірістен тоқтатылды", – делінген прокуратура хабарламасында.

Айта кетейік, "Балауса" және "Гүлдер" балабақшаларының бухгалтерімен 49 миллион теңге қаражатты заңсыз иемдену деректеріне қатысты сот үкімі шығып, ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: балабақша заңсыз

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір