• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 10:03:07
Алматы
+12°

06 Маусым, 2018 Аймақтар

Екі аяғынан айырылған азамат 8 жыл бұрын жасаған қылмысын мойындады

Танысын өлтіріп алғанын түсінген азамат пойызға отырып үн-түнсіз қаладан кетіп қалған.

Атырау облысының соты сегіз жыл бұрын аса ауыр қылмыс жасаған А.Кужаназаров есімді азаматқа үкім шығарды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

2010 жылы Кужаназаров Аида есімді танысын іздеп Атырауға келеді. Алайды танысы үш баласы бар тұрмыстағы әйел болып шығады.

А.Кужаназаров Таразға қайтуға бел буып, Аидаға өзін шығарып салуды өтінген. Жолға мас күйінде шыққан ол әйелге алдымен бар өкпесін айтып, артынша оны  19 жерінен пышақтайды. Танысын өлтіріп алғанын түсінген азамат пойызға отырып үн-түнсіз қаладан кетіп қалған.

Туған жеріне келген А.Кужаназаров әуелі тамырын кесіп, өмірімен қош айтыспақ болған. Кейінірек қыс ортасында мас күйінде далада қалып, денесін үсік шалып, бірден екі аяғынан айырылған. Мүгедек болып қалған соң, арада сегіз жыл уақыт өтіп, жасаған қылмысын мойындау үшін Атырау қаласына келген.

Қылмыстық іс Атырау облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотында қаралды.

Сот А.Кужаназаровтың жасаған қылмысын өзі мойындап келгенін ескерді. Қылмыскерге «кісі өлтіру» бабы бойына сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы жазасын қатаң режимді колонияда өтейтін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір