• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 07:56:20
Алматы
+12°

29 Маусым, 2018 Әлеумет

Рамзан Қадыров жемқорлықпен күресудің жолын атады

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров «Известия» басылымына берген сұхбатында жемқор шенеуніктің ең ауыр жазасын атады.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров «Известия» басылымына берген сұхбатында жемқор шенеуніктің ең ауыр жазасын атады. Оның айтуынша, пара алған не берген шенеуніктің мүлкін түгел тәркілеу керек.

«Жемқорлықпен ұсталған басшылар, әкімдердің ісі тек сотпен бітеді. Бірнеше уақыт түрмеге отырып шығады да, баяғы бай қуатты өмірін жалғастырады. Сол себепті біздің стратегия басқаша: қателескен адамды көрсек, оның ақшасын тартып алып әлеуметтік нысандар, жолдар саламыз, мұқтаж адамдарға көмектесеміз. Егер адам ұрлық жасаса, одан бәрін тартып алу керек. Менің ойым – осы», - деді Қадыров.

Сонымен қатар Шешенстан басшысының ойынша, бәрі басшының қолында. «Егер басшы адамдардың ұрлыққа баруын қаламаса, міндетті түрде басқа әдісті ойлап табады. Әйтеуір адамдарының ұрлауына жол бермейді», - деді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір