• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 20:04:17
Алматы

07 Тамыз, 2018 Әлеумет

Юлия Трофимова есімді Facebook қолданушысы Қапшағай қаласында осыдан бір күн болған оқиғаның видеосын жариялады.

Видеодан екі кішкентай бала мүгедек әйелді қорлағанын көруге болады.

Видеодағы жазбаға сәйкес, мүгедек әйел зейнетақысын алып, сол ақшаға өзіне сүт өнімдерін алған. Сатып алғанын балаларға ұсынады. Олар алғыс айтудың орнына сол өнімді әйелге шашады.

Балалардың әрекеті бейнекамераға түсіп қалған.

Желі қолданушыларының бірі балаларды кінәласа, енді бірі ата-анасын жауапқа тарту керек екенін айтады. Видеоны көргендер полиция балалар мен олардың ата-анасын тауып, айыппұл салу керек екенін және балаларға тәрбиелік мәндегі сабақ жүргізу керек екенін айтады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір