04 Желтоқсан, 2024 NEWS
27 млн теңге ұрланған: Прокуратура "Каспий" футбол клубын тексерді
Маңғыстау облысының прокуратурасы "Каспий" футбол клубында оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 млн теңгеден астам қаражат жымқырылғанын анықтады.
Көрнекі сурет
Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚКД-мен бірлесіп осы фактіні тергеу барысында, клубтың бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегені белгілі болды. Сонымен қатар соңғыдан 15 млн теңге қорқытып алуға әрекеттенген. 3.12.2024 ж. футбол клубының экс-басшысын, "К" және "О" азаматтарын қамауға алуға санкция берілді, - делінген прокуратураның хабарламасында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір