16 Тамыз, 2018 Оқиғалар
Өз әкесі таспен ұрып жазым ете жаздаған бала аяққа тұрды
Бірнеше күннен соң үйіне қайтатын бала болашақта басына тағы бір ота жасайтын болады.
Ес-түссіз ауыр халде төсеніште жатқан баланың табылғандығы туралы ақпарат жағамызды ұстатты. Адамгершіліктен жұрдай жүргізуші баланы қағып кетіп қана қоймай, оған көмек шақырудың орнына құр төсенішке жатқызып кеткен деген мәлімет пайда болғанда жүргізушіні қарғап-сіледік. Сөйтсек, бұл қорқынышты хикаяның тек бер жағы екен. Араққа сылқия тойған туған әкесі тіл алмаған өз баласын таспен ұрып, содан соң оқиға орнынан қашып кеткендігі расталды. Әкесінің бұл ақылға сыйымсыз, адамдыққа жатпайтын әрекеті жығылғанға жұдырық болды. Ұры-қарылардан, педофилдерден, қанышер қылмыскерлерден көз ашпайтын болдық. Миллион адам тағдырына алаңдаған балаға қатысты бүгін жаңа ақпарат пайда болды. Еуразия бірінші арнасының берген мәліметіне сәйкес, туған әкесінің қолынан жазым бола жаздаған бала бүгінде қажетті барлық ем-домды алып болып, аяққа тұрыпты. Бірнеше күннен соң үйіне қайтатын бала болашақта басына тағы бір ота жасайтын болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір