• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 05:35:00
Алматы
+35°

30 Қазан, 2018 NEWS

«Алтын қалам» жетінші рет жылдың үздік қаламгерлерін анықтады

«Алтын қалам 2018» әдеби байқауында қазақтан шыққан алғашқы меценаттардың бірі Есенқұл Маманов атындағы сыйлық «Қазақтың үздік романына берілді»

Биыл «Алтын қалам 2018» әдеби байқауы жетінші рет ұйымдастырылды. Алматы қаласында елімізге және шетелге кеңінен танылған ARTиШОК театрында  2018 жылдың қорытындысы шығарылып, «Алтын қалам 2018» әдеби жүлдесінің жеңімпаздарды марапаттау кеші өтті.

Биыл әдеби конкурсты ұйымдастыру комитетінің және қазылар алқасы құрамына Досым Сатпаев, Айдос Сарым, Арман Шораев, Нұржан Мұхамеджанова, Расул Жұмалы, Кенже Жұманұлы, Қуат Домбай, Бекнур Қисықов, Байғали Есенәлиев, Ділдәгүл Нұрмаханбет, Татьяна Филипчик және басқалар енді.

Алтын қалам

«Алтын қалам 2018» әдеби байқауында қазақтан шыққан алғашқы меценаттардың бірі Есенқұл Маманов атындағы сыйлық «Қазақтың үздік романына берілді». Бас жүлде 1 миллион теңгені ақын, жазушы, журналист Айдын Кәлімханға бұйырды. Ал балалар жазушыларына арналған «Дарабоз» байқауының бас жүлдесін және 1 миллион теңгені прозалық және сын-зерттеу кітаптарының авторы, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Шыңғыс Айтматов академиясының академигі Бекен Ыбырайым жеңіп алды.

Алтын қалам

Айта кететін жайт, қазақ әдебиетінің жанашыры, танымал меценат Олжас Құдайбергенов биыл «Алтын қалам» байқауында фантастика жанрында жазылған үздік шығармаға өз атынан 1 миллион теңге сыйақы дайындаған. Аталмыш жүлдеге белгілі қаламгер, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп ие болды.

Алтын қалам

Жылдағы дәстүр бойынша «Алтын қалам 2018» байқауына жұмыстар наурыз айынан бастап қыркүйек айының ортасына дейін қабылданған болатын, оқырмандар ғаламтор арқылы өздеріне ұнаған, үздік деп тапқан шығармаларға қазан айының аяғына дейін дауыс беріп, әр номинация бойынша үш үміткерді анықтаған. Сайысқа түскен барлық шығарма www.akalam.kz ресми сайтында жарияланған. Оқырмандардың қолдауы және қазылардың таңдауы бойынша әр аталым бойынша жеңімпаздар анықталып, сый-сыяпаттарға ие болды.

Алтын қалам

«Алтын қалам 2018» әдеби байқауының жүлдегерлері төмендегідей болды:

«Жылдың үздік прозасы» - Есболат Айдабосын

«Жылдың үздік киносценарийі және драматургиясы» - Дүйсен Кеңес

«Жылдың үздік балалар және жасөспірімдер әдебиеті «Дарабоз» - Бекен Ыбырайым

«Жылдың үздік сатирасы» - Қанағат Әбілқайыр

«Жылдың үздік фантастикасы және детективі» - Нұртөре Жүсіп

«Қазақтың үздік романы» - Айдын Кәлімхан

«Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін» - Дулат Исабеков

«Жылдың үздік поэзиясы» орысша – Калмагамбетова Лариса

«Жылдың үздік прозасы» орысша – Валуйских Дина

«Жылдың үздік балалар және жасөспірімдер әдебиеті» орысша – Айзакова Жанаргуль

«Есенжол Домбай атындағы арнайы сыйлық, жылдың үздік сатирасы» орысша – Теплухин Аркадий

«Жылдың үздік фантастикасы мен детективі» орысша – Бычков Николай

«Жылдың үздік киносценарийі мен драматургиясы» орысша – Кольченко Лариса

Алтын қалам

Алтын қалам

Алтын қалам

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір