• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Қыркүйек, 04:21:16
Алматы
+35°

Кез келген адам алдымен жайлы баспана іздейді. Ең әуелі ауласы қауіпсіз, жүріп-тұрғанға орналасқан жері қолайлы болуына аса мән береді. Ал нарықтағы он бір жылында тұрғындарының сенімінен шығып үлгерген SABA GROUP KZ компаниясы қауіпсіз үй салуды қолға алып, жанға керектінің бәрін инновациялық кешеннің маңайына топтастырып отыр.

Св

Таратып айтайық, біріншіден, аты айтып тұрғандай, «Комфорт сити» тұрғын үй кешені халықаралық қауіпсіздік стандарт талабына сәйкес жайлылықтың жаңа деңгейін ұсынатын «қала ішіндегі қала». Мұндағы инфрақұрылым балаларға да, егде жастағы қарттарға да ойластырылып жасалған. Ауданның кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кіре берісте және аулада бейнебақылаудың цифрлық жүйелері орнатылған. Оның үстіне, тұрғын үй кварталы аумағында учаскелік полиция пункті бар. Тәулік бойы кәсіби күзет қызметі жұмыс істейді. Аулаға кіру шектелген, тек арнайы көліктерге ғана рұқсат. Үй тұрғындары үшін екі деңгейлі жерасты паркингі бар, ал қонақтар көлігін арнайы тұраққа қоя алады. Паркинг демекші, дәл қазір SABA GROUP KZ компаниясы пәтер сатып алған баспана иесіне паркинг сыйға береді. Ол аз десеңіз, зат сақтайтын қойманы да қоса аласыз.

Аа

Тұрғындардың жеке заттарын сақтауға арнаған жертөле бөлмелер паркинг жанында орналасқан. Алматының өте әдемі аумағында орналасқан аудандағы үйлердегі паркингтің құны арзан емес, ендеше, су тегін алатын мұндай мүмкіндікті өткізіп алмаған жөн.
Екіншіден, тұрғын үй кешенінің аумағында өз балабақшасы, сәбилер бөлмесі мен ересек балаларға арналған ойын, спорт алаңы бар. Одан бөлек тұрғын үй кварталының ауласында балаларға арналған дәретхана да қойылған. Тіпті, SABA GROUP KZ тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жақын маңдағы жалпы білім беретін мектепке жаңа корпус салып, кешеннің 600-ге жуық оқушысын қабылдайтын мүмкіндік жасап қойғаны тағы бар. Таяқ тастам жерде сұлулық салондары, мейрамханалар мен дәмхана, дүкендер мен сервистік қызмет көрсету нысандары жайғасқан. Спорт пен салауатты өмір салтын ұстанатындар үшін жүгіру және велоспорт жолдары, футбол, баскетбол және теннис ойнауға арналған алаңдар, сондай-ақ 700 метрден астам жаяу жүретін жолдар да денсаулықтың кепілі болмақ. Аумағы үлкен кешеннің ауласында ән салып тұратын субұрқақты басқа еш жерден таба алмайсыз. Ең қызығы, құрылыс компаниясының «төрт аяқты» достарымызды да ұмытпай, аула аймағынан ит серуендейтін алаңды белгілеп қойғаны таң қалдырды.

Ччс

Осы игіліктің бәрін 2023 жылдың наурыз айында баспанасының кілтін алған бірінші кезектегі алғашқы тұрғындар көре бастады. Жайлылық сыйлайтын өз бұрышын сатып алғысы келетіндер асықпаса, пәтер саны аз қалды. SABA GROUP KZ компаниясы сатып алушылар үшін тиімді ұсыныс жасап отырғанын айттық. Толығырақ айтатын болсақ, 100 пайыздық төлеммен де, ипотекамен сатып алу кезінде де өте жағымды жеңілдіктен бөлек, тегін қойма бөлмелері мен автотұрақты сыйға беру қарастырылған.

Айталық:
- 1 бөлме - сыйлық ретінде зат сақтау бөлмесі;
- еуро стилдегі 2 бөлмелі пәтерге –автотұрақ;
- 2 бөлме - автотұрақ пен зат сақтау бөлмесі беріледі.
- 3 бөлме– автотұрақ пен зат сақтау бөлмесі;
-3 бөлме– екі автотұрақ пен зат сақтау бөлмесі;
- әдемі безендірілген барлық пәтерлер үшін сыйлыққа зат сақтау бөлмесі қоса беріледі.
Пәтерді өз мүмкіндігіңіз бен қалауыңызға қарай әрленбегенін және жақсы әрлеудегісін таңдауға болады. Қай бағытынан қарасаңыз да жылдың кез келген уақытында әдемі панорамалық көрінісімен баурап алатын «Комфорт сити» тұрғын үй кешені өз пәтерінің иесін асыға күтеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір