28 Ақпан, 2024 Атырау облысы
Зауытта атқылаған бензин: АМӨЗ-дегі апатты тексеру үшін арнайы комиссия құрылды
Атырау мұнай өңдеу зауытында "атқылаған бензиннің" видеосына қатысты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті түсініктеме берді.
әлеуметтік желіден алынды
Айта кетсек, аталған видео кеше әлеуметтік желілерде тараған. Көп ұзамай "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС түсініктеме беріп, апаттың 26 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:30-да орын алғанын нақтылады.
Бутендерді олигомеризациялау қондырғысында қондырғыны іске қосуға арналған тікелей айдау бензинінің коллекторынан бос қуыс табылған. Өнімді тез ығыстыру үшін бұл желіге 15 кгс/кв см қысыммен су жіберілді.
"АМӨЗ" ЖШС аталған жағдай өндіріс процесіне теріс әсер етпеді деп сендірді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті орын алған апат салдарынан ешкім зардап шекпегенін нақтылады.
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен аварияны тергеу үшін арнайы комиссия құрылуда", делінген ведомство хабарламасында.
Тергеу нәтижелері қосымша хабарланатыны да ескертіледі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір