• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 08:17:22
Алматы
+12°

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, мас күйінде көлік жүргізген Қостанайдың бас имамы Тәжімбет Бақытбек қамауға алынды.

Ол Бурабайдағы түнгі клубтың жанынан масаң күйде көлік жүргізіп бара жатқанда ұсталған.

"Тәжімбет Бақытбек Нұрғабылұлы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылсын, оған осы бап бойынша 15 тәулікке қамаққа алу және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалсын" – деп жазылған сот қаулысында.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имам қызметінен босатылғанын хабарлады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір