04 Қараша, 2018 Әлеумет
Жастар – жазда, қарттар – қыста көбірек өледі екен. Неге?
Жастардың көбісі жол-көлік оқиғасы, сондай –ақ әртүрлі жарақаттардан қайтыс болатын көрінеді.
Ағылшын ғалымдары өткен аптаның соңында назар аударарлық деректерді жария етті. Олардың зерттеуіне қарағанда, жастардың көпшілігі жазда, яғни, маусым-тамыз айларында, ал қарттар қыс айларында өмірден өтеді екен. Мұның себебі неде?
Зерттеу барысы көрсеткендей, жастардың көбісі жол-көлік оқиғасы, сондай –ақ әртүрлі жарақаттардан қайтыс болатын көрінеді. Ал қарттардың бақилық болуының себебі неде? Мұның себебін ғалымдар қарт кісілердің қыс айларында тұрақты түрде қозатын сырқатының асқынуынан көреді. Мамандар 1980-2016 жылдары қайтыс болған 100 мыңнан аса адамның қайтыс болу себептерін зерттеп көрген. Мәлім болғанындай, 45 жастан асқан адамдар негізінен желтоқсан, қаңтар және ақпан айларында қайтыс болған. Ал бұл көрсеткіш әсіресе, жаз айларында күрт азаятын көрінеді. Ал керісінше, 5 пен 34 жастағылардың бақилық болуы шілде мен тамыз айларында күрт көбейеді екен. Жастай кеткендер негізінен әйел, мейлі еркек болсын, олар әртүрлі жарақат пен тосын апат пен түрлі оқыс оқиғалар мен жүрек ауруынан қаза табады. Денсаулыққа назар аудармай жүрудің де салдары осындай өкінішті жағдайларға әкеп соғады екен.
Сондықтан да мамандар жылдың қай мезгілі болсын, қашанда сақтанып жүруді ескертеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір